«Токио» күрес клубында 180 бала жаттығады

Спорт
view 298
news

Қосшы қаласында спорттық үйірмелер мен клубтар саны артып келеді. Мектеп жасындағы балалардың спортқа қызығуы көңіл қуантады. Балаларды спортқа баулып, салауатты өмірге бейімдеп жүрген клубтардың бірегейі – «Токио» күрес клубы. Қазіргі уақытта үйірмеде 180 бала жаттығып жүр. Спорт клубында жудо, қазақша күрес және еркін күрес үйірмелері бар. Жудо (judo)– жапондардың ұлттық күресі. Олимпиада ойындарына 1964 жылдан бастап енген. Қазақстанда 1960 жылдан бері дамып келеді. Жудоны үйрету үшін асқан қажырлық пен білім қажет. «Токио» үйірмесінде жудодан спорт шеберіне үміткер, халықаралық турнир жеңімпазы Миас Рахманов сабақ береді. Спорт шеберіне үміткер Әлішер Бәкіров те жемісті шәкірт тәрбиелеп отыр. Тәрбиелеген шәкірттері республикалық турнирлардан жүлделі орын алып, биік белестерді бағындырып жүр. «Жудо – қиын спорт түрі. Оған ептілік аздық етеді. Ішкі рухтың беріктігі мен ақыл-ойдың ұшқырлығы маңызды. Біз шәкірттерге тек жаттығу жасатпаймыз. Оларды рухани жағынан да өсіреміз. Бұл спортта өте маңызды. Көп тренерлердің қателігі – тек дене жаттығуына мән береді. Біздің үйірме екеуін баланста ұстайды. Және сонысымен ерекше», – дейді «Токио» күрес клубының жаттықтырушылары.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *