«Тоқал аламын деп оңбай қалдым»: Атышулы Омар Жәлел жан сырын ақтарды
Фото: ашық дереккөз
Абайтанушы, атышулы Омар Жәлел екінші әйел алу жайлы пікір білдірді. Оның пікірінше, тоқал алу нәпсінің қалауы, қала берді мақтан, деп жазады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Тоқалдықты заңдастыру қажет»: Мұхтар Тайжан депутаттың ұсынысын «далбаса» деп атады (ВИДЕО)
«Нәпсімізді тоқтата алмадық»
«Тоқал жайлы әңгіме - былжырақ әңгіме. Менің айналамда тоқал алып оңған адамды көргенім жоқ. Соның бірі - менмін. Біз әдетте нәпсінің қалауын ұрпақ, отан, т.б. биік ұғымдармен көлегейлейміз. Ұрпақ керек болса, - бір әйелден де өрбітуге болады. Нәпсіңе ие болсаң, энергияңды сыртқа шашпасаң - ұрпағың көп болады. Бұрын тоқал алу қажеттілік болған, қазір - нәпсінің қалауы, құмарлық, қала берді - мақтан. Бұрын мен осы мәселені көп көтердім. Айттым. Айтқан нәрсе міндетті түрде жүзеге асады екен. Ұрпақ дедік. Негізгі ұранымыз осы болды. Бірақ берекені ойламадық. Ойлауға шамамыз да болмады. Басы қатты нәпсімізді тоқтата алмадық. Қайратымыз жетпеді. "Ертең би боласың, сонда бұл мәселе алдыңнан шығады" деп, елдіктің жолында ғашығынан бас тарттырып, Тәттімбетті тоқтатқан Қазанғаптай дана би алдымызда болмады. Үлгісіздіктің көкесін көрсеттік. "Өзім білемін" дедім. Ешкімді тыңдамадым. Айтса, ұқпадым, - дейді Омар Жәлел.
«Отбасының шырқын бұзбаңдар»
Ол кезінде біраз ер адамды тоқал алуға шақырғанын мойындады. Алайда қазір бұл әрекетіне өкінетінін айтты.
Әлі күнге дейін біраз жігіттер "Сіздің осы әңгімеңіз ұнайды" дейді. Нәпсілеріне ұнап тұрғанымен шаруасы жоқ. Қызба бастар көргісі келеді. Артын ойлап жатқан ешкім жоқ. Оларға бұл - қызық. Шыжығын ешкім ойлап жатқан жоқ. Ал мен, "тоқал алмаңдар" деймін. Өз ащы тәжірибемнен айтып отырмын. Отбасының шырқын бұзбаңдар. Алған жарларыңды қадірлеңдер. Ұрпақ керек болса, солар-ақ туып береді. Бұл сөзді мен айтуға тиіспін. Үйткені көп жігіттер менің сөзіме ерді. Менің сөзім оларға демеу болды. Елдің алдында жүрген соң әр сөзіңе жауап беруің керек. Мен осылай өзімнің қате айтқан сөзіме жауап беріп отырмын. Егер менің әсерімнен отбасы бұзылса, иіліп тұрып кешірім сұраймын. Мен - өз идеямның құрбанымын. Бұл идея іс жүзінде өзінің дұрыс еместігін көрсетті, - дейді абайтанушы.
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: «Басқаның бақытын ұрлау – адасқандық!»: Қарақат Әбілдина Қабатовтың тоқалына ақыл айтты
Онда біз де бірнеше күйеуге тиеміз: Баян Алагөзова Абзал Құспанға жауап берді
Сенатор коучтардың кесірінен қаншама шаңырақ ортасына түскенін айтты
«Айтуға хақым бар»
Омар Жәлел қазір заман өзгергенін, он тоғызыншы ғасырдың идеясы қазір келмеске кеткенін жеткізді.
Бұрын тоқалды бәйбішелер өздері алып беретін. Бұл мәселе өмірлік қажеттілігі болғандықтан ғана даналықпен шешілетін. Ол заман енді келмеске кетті. Заман өзгеріп кетті. Он тоғызыншы ғасырдың идеясы қазір өтпейді. Мен осыны айтайын деп едім. Мен осыны айтуға тиіс едім. Бұны менің айтуға хақым бар. Өйткені бұл "қызықты" молынан басымнан өткердім. Шәкәрімше айтсақ, апанға құлап кетіп, "апанға түспеңдер!" деп айқаласам, менің не кінәм бар? — деп ақталды ол.
Омар Жәлел кім
Ол 1966 жылы Қарағанды облысы Нұра ауданы Маржанкөл ауылында дүниеге келген. Филология ғылымдарының кандидаты, ұстаз, ғалым, абайтанушы, аудармашы. ХІХ ғасырдың басында қазақ әдебиетіндегі еңбек құндылығының Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп шығармашылығын зерделеуші.
Пікірлер (0)