«Жаңа толқын – 2025» байқауы: Қосшыда үздік жастар марапатталды (ФОТО)

Қосшы жаңалықтары
view 98
news

Фото: Қосшы қаласының әкімдігі

«Жаңа толқын–2025» үздік жастар байқауы жастардың қоғам дамуына қосқан үлесін бағалап, олардың жетістіктерін көпшілікке үлгі ету мақсатында ұйымдастырылған бірегей жоба, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Іс-шараға қала әкімі Азамат Қапышев, қала әкімінің орынбасары Берген Жұмкейұлы, қалалық мәслихат төрағасы Әлихан Қуатбеков қатысты. 

Қала басшысы өз жетістіктерімен замандастарына үлгі болып жүрген жастарды құттықтап, оларға табыс тіледі. 

Байқау жеңімпаздары төмендегі номинациялар бойынша марапатталды:

«Спорт тарланы» – Садьбий Дархан;

Сембайұлы, Мақсұт Темірлан Нұрымұлы;

«Үздік жас кәсіпкер» – Қалбай Нұржамал Сатыбалдықызы;

«Жұмысшы мамандығының үздігі» – Жанатбеков Ербол Жанатбекұлы;

«Ерлік және батырлық үшін» – Ыбыраев Өмірсерік Асылханұлы;

«Жыл волонтері» – Мұхтар Нұрдаулет Дәуренұлы және Сатыбалды Нұрәділ Әсетұлы;

«Үздік жас креатор» – Рахымжанқызы Альбина;

«Үздік жас талант» – Бекетанова Назерке Алмасбекқызы, Бурамбаева Аяжан Қуатқызы;

«Білікті жас дәрігер» – Өмірзақов Журабек Нұрланұлы;

«Жылдың белсенді білім ордасы» – №4 ЖОББМ;

«Үздік өзін-өзі басқару ұйымы» – Қосшы мектеп-гимназиясы;

«Жыл жаңалығы» – Мұсахмет Даниал Асқатұлы;

«Үздік жас полиция қызметкері» – Кайроллова Таншолпан Жаксылыққызы;

«Жас көшбасшы» – Умарова Жұлдыз Пейсенбайқызы және Айткен Қаракөз Мұратқызы;

«Жылдың үздік IT немесе ғылым жобасы» – Данабекқызы Айзада;

«Жылдың бастамашыл қала тұрғыны» – Иса Ерлан.

Салтанатты кештің жұлдызды қонағы жастардың сүйікті әншісі - Мәди Қадыров.

Айта кетейік, бұл іс-шараның негізгі мақсаты үздік жастарды марапаттау, дарынды, таланаттыларды анықтау, жыл көлемінде жеткен жетістіктері мен белсенді көзге түскендерді құрметтеу, қошеметтеу.

Алдағы уақытта да жастардың бастамаларын қолдау мен дамыту бағытындағы жұмыстар өз жалғасын табады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *