Абай кабинетінің ашылуы өтті
Руханият
672
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Тайбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде Абай кабинетінің ашылуы өтті. Аталған кабинет жас маман Айсұлу Рахаттың бастамасымен ашылды.
Салтанатты шараға Қазақстан Жазушылар Одағы Ақмола облыстық филиалының директоры, Мәлік Ғабдуллин атындағы музейдің атқарушы директоры, ақын Мерген Тоқсанбай, Ерейментау мәдениет үйінің директоры, ақын Сайлау Жылқыбаев, Тайбай ауылының ақыны Сағатбек Ахметқажыұлы қатысып, кабинет лентасын қиды.
Мектеп қызметкерлерінің мәліметінше, кабинетті безендірумен мектептің түлегі Сұлтан Рүстемов айналысты. Шараның шымылдығын Іңкәр Ержан «Көзімнің қарасы» әнімен бастаса, 5-10 сынып оқушылары Абайдың өлеңдерін оқып, қостады. Шара «Желсіз түнде жарық-ай» әнін хормен шырқаумен қорытындыланды.

Оқи отырыңыз
Руханият
Тоныкөк (еркін әдеби нұсқа)
Пікірлер (0)