Ардагерлер салған ән қандай!
Жаңалықтар
1020
Қосшылықтар «Замандас» ардагерлер хоры мен «Есіл-нұра» халық аспаптар ансамблінің өнеріне тәнті
Ыдыстардың бірі келісті. – Мен, осы ішімдегі затпен бөлісу үшін толдым... Жолаушылар, қанша қажет болса, сонша ішіңіздер!
Екінші ыдыс келіспеді, ойланып тұрып: – Егер, енді жаңбыр жаумаса, мен босап қалсам не болады... Жолаушылар өздерімен бірге бірінші ыдысты алды. Жол бойы ол ыдыс өзінің ішіндегі сумен бөлісіп, және өзінің ең қымбат нәрсесін басқаларға бере алатынына қуанды. Жолаушылар ризашылықпен ол ыдысты ешқашан бос қалдырмауға уәде берді.
Осы нақылды мен, Қосшы қаласындағы екі музыкалық ұжым – «Замандас» ардагерлер хоры мен «Есіл-Нұра» халық аспаптар ансамблі туралы білгенде есіме түсірдім. Олар өздерінің жанының қуаты мен нұрын басқалармен риясыз бөліседі. Бұлар зейнеттік демалыста жүрген, өз мәні мен шабытын тапқан кәсіби мамандардың жетекшілігімен халық арасынан шыққан дарынды адамдардың қауымдастығы. Өйткені нағыз кәсіптік мамандардан бас тартуға және уақыты жеткенде оларды өшіріп тастауға болмайды.
Валентина Загитдуллақызы Шаймерденова аты аңызға айналған Баянауылдағы Жаяу Мұса атындағы өнер мектебінің директоры болып 35 жыл қызмет еткен. Ол жетекшілік ететін вокалды ансамбль «Баянауыл әуендері» аталып, бірнеше рет «Халықтық» атағын алған. Жерлестеріне сіңірген еңбегі үшін Валентина Загитдулловна қазақтың біртуар ұлдарының атамекені – осы құтты өлке Баянауыл ауданының Құрметті азаматы атағына ие болды. Сөйтіп, Астанаға қоныс аударған ол осыдан 5 жыл бұрын пікірлестерімен бірге өзіндік стилі мен репертуары бар 32 әннен тұратын «Замандас» ардагерлер хорын құрды.
Талантты жетекші, кәсіби музыкант ол өзінің жігерінің күшімен және таза ынтасымен лайықты деңгейдегі музыкалық топ құра білді. Валентина Загитдулловна үлкен ұжымға, оны дамыту мен насихаттауға жауапкершілікпен қараған жоғары мәдениетті тұлға. Әсіресе оның, творчестволық қабілеттіліктерін қажетіне жаратып, осы ұжымнан қолдау тапқан аға буынмен жұмыс жасауы өте маңызды.
Жақында, өтіп бара жатқан 2023 жыл қарсаңында хор ұжымы «Халықтық» атағын алу үшін көркемөнерпаздар қойылымдарының сайысына қатысты. Бес жылдық қызметінде «Замандас» өз қаласында да, республикалық сахнада да халық арасында сүйіспеншілік пен танымалдылыққа ие болды. Сөйтіп, «Өнерлі елдің өркені биік» республикалық шоуында екі мәрте Гранпри мен бірінші орындарды иеленді. Олар Абайдың 175 жылдығына арналған халықаралық фестивальге қатысып, еліміздің қалалары мен ауылдарында концерттер берді, республикалық телеарналарда өнер көрсетті, әрине, бұл ұжымның шығармашылық қызметінің толық тізімі емес. Тұңғиық теңіздің ағып жатқан өзендердің қуатынан нәр алатыны сияқты, «Замандас» хоры да халық таланттарымен бірге өсіп, дамып келеді. Біз дайындықтан кейін, осы ұжымның адамдарымен сөйлестік, хордан бірнеше адам музыкалық топқа қатысуы туралы айтты.
Райгүл Ғайнуллина – хордың сүйемелдеушісі әрі әншісі, осы хордың жарық жұлдыздарының бірі, хор жұмыс істейтін Қосшы қалалық мәдениет үйінің қызметкері. Ол әлі жас әйел болса да, хор мүшелері оны топқа қосылуға шақырды. Омарова Бикен шығармашылық ұжымға қатысу, егде жастағы адамдардың өмірінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Бұл үлкен ынта-жігерді қажет ететін сүйікті нәрсе, өйткені хордың 5 жыл ішінде ұзақ жолдан өткені бекер емес. Баян Ахмади хор мүшелерінің алдына қойған басты міндеттерінің бірі – ұжымның жинап-терген халық өнерінің құндылықтарын сақтап, жас ұрпаққа жеткізу екенін айтты.
Күлән Құсайын – хор ұжымының алғашқы мүшелерінің бірі, кәсіби домбырашы. Шығармашылық тұлға ретінде ол ұжымның дамуына өз үлесін қосуда - ол әйелдерге домбыра тартуды үйретеді, олар жеке нөмірлерді орындап жүр. Абай шығармашылығына арналған республикалық байқауда Күлән марапатталған болатын. Бұл топтың шығармашылығы көп қырлы. «Замандас» тек сахнада ғана өнер көрсетпейді. Отбасында әже болғандықтан, олар балалармен жұмыс жасаудың да қадірін жақсы түсінеді.
Жайбосынова Бақыт пен Жеңіскүл Азақын мектеп пен балабақшада «Әжелер сайысы», «Ұрпақтар сабағы» сабақтарын өткізіп, балаларды халықтық өнер құндылықтар ы м е н , с а л т -д ә с т ү р л е р і м е н , әдет-ғұрыптарымен таныстырып, қолөнер бұйымдарын жасап, қазақ ою-өрнектерінің сырын үйрететінін, ою-өрнектің, киіз үйлердің сырын айтатынын, балаларға ертегі айтып берулері туралы айтты. Хорға ерлер де қатысады, ол «ЕсілНұра» халық аспаптар ансамблімен біріге жұмыс жасайды. Айтжанов Өміртай бұл тамаша топтың халық әуенін сүйетін аға буын ерлер мен әйелдерді біріктіргенін айтты. Сахна олар үшін шабыт пен өзін-өзі танытудың қайнар көзіне айналған.
«Замандас» хоры – Қосшы қаласының мақтанышы және еліміздің мәдени өміріне өз үлесін қосуда, олар «Халықтық» атағына лайықты үміткерлер. Соңғы кездері «Замандас» пен «Есіл-Нұра» қосылып өнер көрсетуі олардың өнеріне ерекше сән беріп тұр. Қосшы қалалық ардагерлер кеңесінің басшысы Абақов Қабділбар Көпжасарұлының қолдауымен «Есіл-Нұра» халық аспаптар ансамблі құрылды. Ансамбльді музыкант Алпыспаев Ахметхан Самажанұлы басқарады, оның өзін бір оркестр десе де болады, 7 түрлі музыкалық аспапта ойнайды.
Музыкалық ұжымдарда үлкен тәжірибесі бар кәсіпқой жетекшісі ретінде ол: Музыка – адамды қоғамға қызмет етуге қабілетті, жанжақты жарасымды тұлға ретінде тәрбиелеуде септігін тигізетін, аса қажетті құрал деп санайды. Ол өзінің алғашқы оркестрін сонау 80 жылдары Семей облысындағы Шұбартау аудандық мәдениет үйінің директоры болғанда құрды.Сол оркестр 1990 жылы Павлодарда өткен халық аспаптары оркестрлерінің республикалық конкурсында кәсіби шеберлігімен танылып жүлделі 2-орынды иеленіп еді. Үржарға қоныс аударғаннан кейін де, 20 жыл аудандық мәдениет үйі жанындағы оркестрдің дирижеры, әрі көкемдік жетекшісі болып қызмет атқарды. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін Ахметхан Самажанұлына немерелерінің қасында болу үшін үшін Астанаға көшіп келерде оған енді сахна да,музыка да келмеске кеткендей көрініп қаншама жылдар бойы жинаған ноталары мен жазған партитураларын қимастық пен таратып беріп кетіп еді. Бірақ бұрынғылар айтқандай, нағыз кәсіпқойлар әр қашан қатардан қалмайды...
«Есіл-Нұра» халық аспаптары ансамблін құру идеясы музыканттың құдасы Дәулетқали Түсіповке тиесілі.Оның бұл идеясын Ардагерлер кеңесінің төрағасы қызу қолдап іске кірісуінің нәтижесінде, Қосшы қаласында жаңа музыкалық ұжым дүниеге келіп, өнердің есігі Ахметханға қайта ашылды. Қазір өнерді жандарына серік еткен ардагер ақсақалдардан құралған бұл ансамбльдің алдарына қойған мақсаттары ұлттық өнеріміздің-халық әндері мен күйлерінінің қаймағын бұзбай халық назарына ұсыну.
Сондай-ақ халық шығармашылығының озық үлгілерін дәріптеумен қатар жергіліті композиторлардың шығармаларын да насхаттау. Ансамбльдің ішіндегі «шығармашылық одақ» та жемісті істер атқарып келеді.Өткен ғасырдың сексенінші жылдарында халық арасында кең тараған «Ақ сәуле» әнінің авторы аккордеоншы Амангелді Ыдырысов осы ұжымның мүшесі, ақын Кәдірхан Қизатұлының «Есіл-Нұра мекенім» атты өлеңіне ән жазып, оны «Замандастар» хорының әншісі Бақыт Жайбосынова орындап жүрсе, ал «Қосшы – менің жыр-әнім» деген өлеңіне ансамбль жетекшісі Ахметхан Самажанұлының шығарған әні «Замандас» ардагерлер хорының репертуарында орындалып жүр. Алашорда қайраткері, белгілі жазушысы Қошмұхамет Кемеңгеровтің немересі Ризабек Кемеңгеров осы ұжымның белді мүшесі екенін айта кеткен ләзім. Қазір оның «Алашорда толғауы» деген күйін Алпыспаев ансамбльге лайықтап өңдеуде. Ансамбль мүшелері туралы айтар болсақ, Ереубай Таңатқан – кәсіби музыкант, әншісі, домбырашы.
Айтжанов Өміртай – бұрынғы өрт сөндіруші, гитарада ойнайды, әнші-композитор,ансамбльде шертер аспабында ойнайды. Жаңбыршы Қожағұлұлы – әнші, термеші, домбырашы. Әбілқайыр Айнабеков – әнші,концерт жүргізуші, ансамбльде шаңқобыз аспабында ойнайды. Өмірбек Кемешев «Лесная поляна» шағын ауданындағы ардагерлер кеңесінің басшысы, тайтұяқ аспабында ойнайды. Бұл адамдардың барлығыда өнерді жандарына серік еткен, рухани тұғыры биік, ерекше жандар. Ардагерлер кеңесінің басшысы Қабдилбар Абақов ұжымдардың репертуарларының сан салалы, мазмұнды болуына, жағдай жасауға тырысып қолдан келген шараларын жасауда. «Замандас» және «ЕсілНұра» фольклорлық ансамблі сияқты өскелең ұрпаққа үлгі болатын қауымдастыққа жан-жақты қолдау мен қамқорлық болса, нұр үстіне нұр болар еді. Музыканттар нәзік жан - дар,сезімнің адамдары. Олар, айналасын әсем ән, тәтті күймен тербеп толғандыырады, қуантады, шабыттандырады... Олар ғасырлар бойы қалыптасқан музыка мәдениетінің жанқияр ұландары – риясыз сақтаушылары, олар өз дарындарының арқасында халықтың рухани өмірінің байып, көркеюіне зор үлестерін қосып келеді.
Бір күні жолда екі бос ыдыс (құмыра) кездесіпті. Ыстық күн шыдатпай, ыстық құм олардың түбін күйдіріп барады. Шөлдеп қажыған ыдыстар дұға жасап, өздеріне су толтыру үшін аспаннан жаңбыр тілейді. Бірақ күндер өтіп жатыр, жаңбыр әлі жаумады. Ыдыстар әбден шарасызданған кезде, бұлттар қаптап, бір кезде жаңбыр құйып берді. Жол жиегінде тұрған ыдыстар, суға толып қуанды. Саяхатшылар өтіп бара жатып, ол ыдыстардан су сұрады.
С. Нұрпейісова
Пікірлер (0)