Біз ауыл-аймақтарды дамыту мәселесін әрдайым ерекше бақылауда ұстаймыз.

Жаңалықтар
view 102
news

Фото: Aқорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қалаларды дамыту, өңірлердің әлеуетін арттыру және қала инфрақұрылымын тиімді басқару мәселелеріне тоқталды. Мемлекет басшысы қалалардың қауіпсіз, жайлы әрі көрікті болуын маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі ретінде қарастыру қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Президенттің айтуынша, ауыл-аймақтарды дамыту мәселесі әрдайым ерекше бақылауда. Ауыл тұрғындарының лайықты өмір сүруіне қажетті жағдай жасау бағытында жұмыстар жүргізіліп келеді. Сонымен бірге Мемлекет басшысы экономиканың, білім мен технологияның негізгі орталығы, сондай-ақ таланттарды шыңдайтын маңызды кеңістік ірі қалалар екенін атап өтті.

«Сайып келгенде, қуатты қалалар қуатты аймақтардың, ал қуатты аймақтар күшті мемлекеттің негізін қалайды. Сондықтан әрбір ірі қаланың Үкімет бекіткен нақты орта және ұзақ мерзімдегі даму жоспары болуға тиіс», – деді Президент.

Сондай-ақ қала ресурстарын тиімді басқару үшін Үкіметке әкімдіктермен бірлесіп, қала инфрақұрылымының цифрлық сыңарын әзірлеу міндеті жүктелетіні айтылды. Бұл бастама қалалық инфрақұрылымды жүйелі басқаруға және қолда бар ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы қалалардың қауіпсіздігіне, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға және шаһарлардың көріктілігіне басымдық беру қажеттігін жеткізді. Бұл міндеттер «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасының мақсаттарымен де үндеседі.

Президент атап өткендей, қалалардың қарқынды дамуы өңір экономикасының өркендеуіне және адами әлеуеттің артуына тікелей ықпал етеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *