БҰҰ ядролық сынақтарды қайта бастауға қарсы
Фото: Shutterstock
БҰҰ АҚШ президенті Дональд Трамптың ядролық сынақтарды қайта бастау туралы мәлімдемесіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
«Қатерлі салдарға әкелуі мүмкін»
РИА Новости-дің жазуынша, ұйым Бас хатшысының орынбасары Фархан Хак шиеленістің күшеюінен аулақ болуға шақырды. БҰҰ мұндай жағдай қатерлі салдарға әкелуі мүмкін деп отыр.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Соғысты тоқтатуы керек!»: Трамп Путинді сынады
Не үшін: Трамп Путинмен кездесуден бас тартты

Бас хатшы қазіргі ядролық қауіп-қатер тым жоғары екенін бірнеше рет айтқан болатын. Ол апатты салдарға апаруы мүмкін кез келген әрекеттен бас тарту қажет екенін ескерткен, – деді Фархан Хак брифинг кезінде.
«Ядролық сынақтарға жол жоқ»
Оның айтуынша, ядролық сынақтарға ешқандай жағдайда жол берілмегені жөн. БҰҰ Бас хатшысы да осындай пікірде екені айтылды. Фархан Хак соңғы 80 жыл ішінде жүргізілген екі мыңнан астам ядролық қару сынақтарының жойқын зардабы бар екенін еске салды.
Еске салсақ, бұған дейін Си Цзиньпин мен Трамп Пусандағы әуе базасында кездескенін жазған болатынбыз.
 
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                 
                 
                 
                 
                                 
                                 
    
Пікірлер (0)