Түзету кабинеті қашанда көмек қолын созуға дайын

Қосшы жаңалықтары
view 225
news

Фотосурет: дереккөз

Қосшы қаласы №20 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде (ППТК) Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №223 бұйрығымен бекітілген «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы негізінде, ерекше білім беруге қажеттілігі бар (сөйлеу тілінің бұзылыстары бар, сөйлеу тілінің дамуы тежелген, тірек-қимыл аппараты қызметінің бұзылысы бар, зерде бұзылыстары бар, психикалық дамуы тежелген, эмоциялық-ерік әрекетінде және мінез-құлқында бұзылыстары бар) балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсетіледі. 

Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушы):

1. Көрсетілген қызметті берушінің кеңсесі арқылы Қосшы қаласы, Лесная поляна, 2 квартал, строение 8 мекенжайында қабылдайды. №20 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің жұмыс кестесі: дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

Аталған қызметті алу үшін №20 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне жүгінгенде мына құжаттардың тізбесін өткізу қажет: 

1) көрсетілген қызметті алушының ата-анасының (заңды өкілінің) еркін нысандағы өтініші;

2) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы.

2. «Әлеуметтік үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүгінген кезде мынандай құжаттардың тізбесін ұсыну қажет:

1) көрсетілген қызметті алушының ата-анасының (заңды өкілінің) еркін нысандағы өтініші; 

2) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы. 

3. Көрсетілген қызметті алушы тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы жүгінген кезде www.egov.kz:

1) көрсетілген қызметті алушының ата-анасының (заңды өкілінің) өтініші (тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша жүгінеді www.egov.kz);

2) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысының нөмірі.

Айнагүл Жүсіпбаева,

«Ақмола облысының білім басқармасы Қосшы қаласының №20 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *