Қосшы мен Тайтөбе таза ауызсумен тұрақты қамтамасыз етіледі – Азамат Қапышев
Фотосурет janabastau.kz
Бүгін Қосшы қаласының әкімі Азамат Қапышев әкімдікте жиын өткізіп, тұрғындар үшін өзекті екі мәселені қарады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Кеңесте Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңарту, сумен жабдықтау нысандарының санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйі талқыланды. Әкімнің айтуынша, бұл шаралар халықты таза ауыз сумен тұрақты қамтамасыз етуге және санитарлық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған.

Бұл шаралар Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылы тұрғындарын таза ауыз сумен тұрақты қамтамасыз етуге, сондай-ақ су нысандарының санитарлық қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған, – деді Азамат Қапышев.
Сондай-ақ әкім жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берді. Оның айтуынша, атқарылатын жұмыстардың басты мақсаты – тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту.
Оқи отырыңыз



Пікірлер (0)