Экспедиция. Үшінші күн. Мәліктің рухы халықпен

Руханият
view 316
news

Республикалық "Жас ғабдуллиншілдер" клубының қатары толықты. Бүгін Алматы облысы Қарасай ауданы Абай ауылында М.Ғабдуллин атындағы орта мектепте республикалық «Жас ғабдуллиншiлдер» клубына жаңа мүшелердi қабылдау рәсiмi өттi. "Жас ғабдуллиншілдер" клубы 2016 жылдан бері сәтті жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт аралығында клуб мүшелігіне Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарынан, Ақтөбе, Көкшетау қалаларынан және Батырдың туған жері Зеренді ауданынан барлығы 300-ге жуық оқушы қабылданды. Музей қызметкерлері "Батырым - Мәлік беренім, жүйрігім озған өренім" ашық тәрбие сағаты мен "Сөз мергені" дебат клубына қатысып, "Мәлік ғибраты" атты іс-шара аясында клуб мүшелігіне өтетін оқушыларға салтанатты түрде ант қабылдатып, арнайы куәліктер мен төсбелгілер табыстады. Сондай-ақ, көпшілік қауымға Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін "Ғажайып өмір баспалдақтары" жылжымалы көрмесі таныстырылды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *