Елдегі өзгеріске бейжай қарамау керек
Пікір
25
Фото жеке мұрағаттан
Құрылтай сайлауы- еліміздің саяси жүйесіндегі жаңа кезеңнің бірі деп санаймын. Қазір қоғамда көптеген өзгеріс болып жатыр. Мемлекет те, халық та жаңа талаптарға бейімделуде. Осындай уақытта азаматтардың ой-пікірі ескеріліп, қоғамдағы мәселелерді талқылайтын мүмкіндіктердің көбейгені дұрыс.
Құрылтайдың басты мәні де осында деп ойлаймын. Әртүрлі саладағы азаматтардың басын қосып, елге қатысты маңызды мәселелерді ортақ талқылауға шығару – қоғам үшін қажет дүние.
Біз елдің болашағына сырттай бақылаушы болып қана қарамай, болып жатқан өзгерістерге мән беруіміз керек. Өйткені еліміздің ертеңі – бүгін қабылданып жатқан шешімдерге байланысты.
Ыбырай қажы ҚАЗАНҒАПОВ
Қосшы қаласының төбе биі
Пікірлер (0)