Құрылтай – жаңарған қоғамның жаңа мүмкіндігі

Пікір
view 26
news

Фото сурет: Қала әкімдігі

23 тамызда Қазақстанда өтетін Құрылтай сайлауы бұл– еліміздің қоғамдық-саяси дамуындағы маңызды қадам.

Қоғам бір орында тұрмайды. Уақыт өткен сайын азаматтардың сұранысы, көзқарасы мен ел болашағына деген жауапкершілігі де өзгереді. Осындай кезеңде халықтың пікірін ескеретін, түрлі көзқарастарды ортақ алаңға тоғыстыратын институттардың болуы маңызды.

Құрылтайдың қалыптасуы – саяси реформаларды одан әрі дамытуға бағытталған жаңа мүмкіндік деп қабылдаймын. Ең бастысы, бұл институт елдің тұрақтылығы мен бірлігін нығайтып, қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық талқылауға қызмет етсе деймін.

Меніңше, ел болашағы үшін жасалған әрбір оң өзгеріс – ортақ жауапкершіліктің нәтижесі.

Әлихан ҚУАТБЕКОВ
Қосшы қалалық мәслихатының төрағасы

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *