Көкшетауда кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу үшін рейд өтті

Пікір
view 53
news

Фотосурет: дереккөз

Көкшетау қаласының прокуратурасы «Zhastarmen» жобасы аясында Полиция басқармасымен бірлесіп кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, оның ішінде есірткі заттары заңсыз айналымына байланысты қылмыстардың алдын алуға бағытталған рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

Аталған іс-шаралар барысында кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болған фактілері анықталып, олар бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

Өткізілетін іс-шаралардың негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың құқықтарын қорғау және заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру. Ақмола облысының прокуратурасы

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *