Құрылтай сайлауы- саяси жаңарудың жаңа кезеңі

Пікір
view 24
news

Фото жеке мұрағаттан

Елімізде 23 тамыз күні Құрылтай сайлауы өтеді. Меніңше, бұл еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды сәттердің бірі.

Соңғы жылдары Қазақстанда саяси жүйені жаңғыртуға, азаматтардың қоғамдық үдерістерге қатысу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған бірқатар өзгерістер жүзеге асып келеді. Соның ішінде жаңа Конституцияның қабылданып, осы бағытта дара жолға түсу арқылы Құрылтай сайлауы жаңа формат, жаңа бағыттағы ұстаным баршамызды қызықтырып, елеңдетіп отыр. Құрылтайдың қалыптасуы да осы жаңғыру үдерісінің бір бөлігі деп қабылдаймын.

Құрылтай-қоғамдағы түрлі пікірлер мен ұсыныстардың тоғысатын алаңы болуы тиіс. Өйткені елдің дамуы тек мемлекеттік институттардың шешімдеріне ғана емес, қоғамдағы азаматтық ұстанымға, ашық пікір алмасуға және ортақ жауапкершілікке де байланысты. Мен үшін бұл сайлаудың мәні– белгілі бір саяси науқаннан гөрі, еліміздің саяси мәдениеті мен қоғамдық институттарының қалыптасуындағы кезекті қадам екендігінде. Әрбір реформаның нәтижесі уақыт өте келе көрінеді. Ең бастысы жасалған өзгерістер халықтың өміріне, елдің тұрақтылығы мен дамуына нақты әсер етсе деген тілегім бар.

Қазақстанның болашағы үшін жаңаруға ұмтылу, қоғамдағы әртүрлі пікірлерге құрметпен қарау және елдік мәселелерге жауапкершілікпен қарау маңызды деп есептеймін. Құрылтайдың жаңа форматта қалыптасуы да осы бағыттағы ізденістердің бірі. Ал оның ел дамуына қандай үлес қосатыны алдағы уақытта нақты істермен бағаланатыны сөзсіз.

Қабділбар Абақов- Қосшы қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *