ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!
Руханият
499
Наурыз - көнеден келе жатқан мереке. Қыстан аман шыққан халық Наурызды асыға күтеді. Барлық қуаныш пен жақсылықтың бастауы болсын, деп тілек білдіріп жатады. Наурыз мерекесінен балалар да шет қалмады. Ұлық мерекені мектепте атап өтудегі басты мақсат - салт-дәстүр, Наурыз құндылықтарын дәріптеу. Бұл - бала тәрбиесіндегі басты қағида. Осындай игі іс-шара IT мектеп лицейінде де болып өтті.
Бастауыш сынып 4 «Ғ» сыныбында «Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыбында мерекелік концерт өтті. Оқушыларымыз ат салысып қатысты. Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы алатын орны ерекше екенін түсіндіру. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Мерекелік іс-шарамызға ата-аналарымыз да ат салысып қатысты. Қазақтың ұлттық тағамдарын дайындап, дастархан жайды. Жеті түрлі тағамнан жасалатын «Наурыз көже» әкеліп, оның жасалу жолдарын оқушыларға түсіндіріп кетті.
Наурыз көже– ұлттық тағам. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүрі ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле беріледі. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер де (қазы, қарта, шұжық, т.б.) қосылады. Ол негізінен бидай көже, тары көже секілді әзірленген. Наурыз көжені халық арасында “тілеу көже”, “көп көже” деп те атай береді. Наурыз көжеге, наурызға арналып сойылған малдың кәделі асына Наурыз бата берілген соң, жиналған халық: “ақ мол болсын” деген тілек айтып тарқасады.
Оқушыларымыз домбырамен ән салып, қара жорға биін биледі. Қазақтың ұлттық ойындары ойнатылды. Ұлттық ойындарымыз асық , қол күрес, арқан тартыс ойындарын ойнап, көңілдері көтерілді. Ата-аналар қара жорға биіне биледі. Үлкен кісілер батасын беріп, дастарханға отырып, тағамдардан ауыз тиді.
IT мектеп лицейі
Сынып жетекшісі А.С.Икласова
Пікірлер (0)