«МАҚСАТЫМЫЗ — ЖЕРГІЛІКТІ ӨҢІРДІҢ АСФАЛЬТҚА СҰРАНЫСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ».

"ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КӘСІПКЕРІ - 2024" БАЙҚАУЫ
view 350
news

Сурет: Janabastau.kz

Елімізде жол құрылысы мен  сапасының маңызы зор. Транзиттік  қатынас пен  оған  сұраныстың  артуынан салада асфальт зауыттары  ашылып,  өңірдегі жолдарды жергілікті өніммен  қамтуда.  Ашылғанына екі айға жуықтаған  Қосшы қаласындағы осындай зауыттың бірі «ЭлитСтройКомплект» ЖШС асфальт-бетон  зауытының директоры Дәурен  Құлбековпен сұхбатымыз кәсіпорын  жұмысы жайында өрбіді. 

— Дәурен Дүйсенқұлұлы,  айтыңызшы,  өңірде асфальт зауытын  салу жобасы қалай жүзеге асты?

Зауыттың құрылыс жұмыстарына дайындық  өткен 2023 жылы басталды.  Зауыт алаңы,  материалдары әзірленді. Сөйтіп,  қазан айынан  бастап  іске қосылып,  өз жұмысын  бастады. Мақсатымыз  өзіміздің жергілікті өңірді асфальтпен  қамтамасыз  ету. Бұған  дейін  өзіміз жол құрылысымен  айналысқандықтан,  қажетті өнімді Астана қаласынан  алатынбыз.  Бұл бізге өте тиімсіз және қолжетімсіз болды. Неге десеңіз,  шикізаттың жетіспеушілігінен  кезекке  тұрып жүріп,  соның өзінде қажетті қаржы бола тұрып,  қолжетпей қалатын. Республикалық,  халықаралық  маңызы бар  көшелер  жөнделіп жатса, тіпті кезек тимейтін. Салдарынан жоспарымыз жүзеге аспай қалатын. Осындай біршама қиындықтарды бастан  кешкен соң өнімді неге өзіміз шығармасқа деп  ойлап,  оны жүзеге асыруға белбудық. Бұл тәуекелдегі мақсатымыз  өнім жағынан  ешкімге кіріптар  болмау,  жұмыс көлемін ұлғайту және  Қосшы, Целиноград ауданын  асфальтпен  қамтамасыз ету болып табылады.

—Зауыттың өнімділік қуаты қандай?

Өнім  өндіру қуаты  тәулігіне 2000-2500 тоннаны құрайды. Әзірше бір ауысыммен  жұмыс істеп  жатырмыз,  осы бір ауысым бойынша 1200-1300 тонна асфальт шығара алады. Зауыттың өзінің техникалық  құжатында жазылғандай  сағатына 160 тоннаға дейін  асфальт шығаратын қуаты бар,  қазір сағатына  130 тонна асфальт өндірілуде. Қала маңындағы карьерлерден  қажетті материалдарды сатып  аламыз, кәсіпорын  барлық  қажетті құрал-жабдықтармен  қамтылған.

Өздеріңіз білесіздер,  жыл сайын жол құрылысы басталарда елдегі асфальт-бетон зауыттары тексеруден өтеді. Жұмыстар мен материалдар сапасына экспертиза жүргізіп, автокөлік жолдарына диагностика жасайды және орташа ремонтқа ведомстволық талдау жүргізіледі. Ал,  биылғы жылдың  негізгі жаңалығы, құрылыс маусымы қарсаңында елдегі асфальт-бетон зауыттарына ауқымды тексеру жүргізілді. Барлық зауытқа ревизия болып, талаптарға толық  сәйкестігі тексерілді. Құзырлы орындар мұндай тексерулер  жыл сайын  құрылыс маусымы басталарда жүргізіліп отыратынын  мәлімдеді. Бұл өз кезегінде өнім сапасын  көтеру,  оны қадағалауды бақылайды. Сәйкесінше біз  де осы ретте өз жұмысымызды сапаға арнап, бірінші кезекте өнімділікпен  қатар  оның  сапасына көп көңіл бөлетін  боламыз.

—Асфальт бетон зауытында қоршаған ортаға зиян келтірмеуі үшін қандай шаралар қолданылады?

            —Зауыт салынбас бұрын  асфальттың қоршаған ортаға келтіретін  залалын сараптау үшін  арнайы жобалау институтымен бірлесіп  жұмыс атқарылды. Кәсіпорынның орналасқан  аумағы, нысан эскизі арнайы мамандардың шешімімен,  жергілікті биліктің экологиялық бөлім мамандарының зерттеу қорытындысымен салынды.  Сараптама қорытындысында өнімнің қоршаған  ортаға келтіретін  зиянының мөлшері көрсетіліп, мемлекттік  орындарға жолдап отырады. Осыған  сәйкес бүгінде асфальт зауытынан  айналаға келетін  экологиялық  қауіп  жоқ.  Зауыттың бүкіл өндіріс жұмысы газбен  атқарылатынын  ескерсек, ешқандай түтін, иіс шықпайды. Химиялық кәсіпорын  болмағандықтан, ауаға зиян  келмейді.  Сыйымдылығы 100 тонна газды құрайтын  құрылғымен қамтылған. Сондықтан,  өңірге зауыттан  келер  зауал жоқ деп  сеніммен  айта аламын. Жалпы,  зауытта барлық  техникалық, өндірістік  талаптар  қатаң сақталады. Тасты,  ұнтақты, битумды өндеу техникасы, жүйесі дұрыс жүзеге асырылады.

            —Кәсіпорын  қанша адамды жұмыспен  қамтиды?

            —Зауытта  30 адам жұмыспен  қамтылып  отыр. Жұмысшыларға арнайы жатақхана бар, төрт мезгіл тамақпен  қамтылған. Жұмысқа тасымалдайтын  арнайы көліктер бар.   Қазіргі уақытта 18 адам Қосшы қаласының жергіні тұрғыны болып табылады. Алдағы уақытта тапсырыс көлемі ұлғайса тек осы аумақтың сұранысын  ғана қамтамасыз етпей,  кез-келген  ауданға жөнелтеміз деген  жоспарымыз бар.  Ол үшін  сұраныс жеткілікті. Асфальт  өнімдерін  шығару үшін  еліміздің көптеген  қалаларындағы барлық  битум зауыттарымен бірлесіп жұмыс істеп  жатырмыз.  Асфальт сапасын  көтеру үшін  минералды ұнтақтар,  қажетті шикізаттардың барлығы да Қазақстанда жасалған,  қолжетімді екенін  айта кеткім келеді. Бұл жағынан  ешқандай қиындық жоқ.

Өздеріңіз білесіздер,  жыл сайын жол құрылысы басталарда елдегі асфальт-бетон зауыттары тексеруден өтеді. Жұмыстар мен материалдар сапасына экспертиза жүргізіп, автокөлік жолдарына диагностика жасайды және орташа ремонтқа ведомстволық талдау жүргізіледі. Ал,  биылғы жылдың  негізгі жаңалығы, құрылыс маусымы қарсаңында елдегі асфальт-бетон зауыттарына ауқымды тексеру жүргізілді. Барлық зауытқа ревизия болып, талаптарға толық  сәйкестігі тексерілді. Құзырлы орындар мұндай тексерулер  жыл сайын  құрылыс маусымы басталарда жүргізіліп отыратынын  мәлімдеді. Бұл өз кезегінде өнім сапасын  көтеру,  оны қадағалауды бақылайды. Сәйкесінше біз  де осы ретте өз жұмысымызды сапаға арнап, бірінші кезекте өнімділікпен  қатар  оның  сапасына көп көңіл бөлетін  боламыз.

—Сұхбат соңында алдағы жұмыс жоспарларымен  бөлісе кетсеңіз?

—Әттеген-айы,  біздің өңірде  зауыт жұмысына ауа райының қолайлылығы оңтүстіктегідей емес.  Ол жақта жылдың он айында тоқтаусыз жұмыс істеуге мүмкіндік болса,  біздегі табиғаттың  қаталдау сипаты бұған  мұрша бермейді. Сондықтан аз уақытта өнімді еңбек етіп, алдағы жылға дайындық  шараларын  пысықтауымыз қажет. Алда бес-алты жылда зауытты бұдан  да кеңейтсек деген  жоспарымыз бар.  Жетілдірілген жабдық, озық жұмыс деңгейі, озық басқару  бірегей өнім мен  тамаша сапаға қолжетізеді. Жобаның уақтылы, сапалы және тегіс аяқталуын қамтамасыз ету үшін біз аянбай еңбек етеміз!

 

—Әңгімеңізге рақмет!

                                                                                    Сұхбаттасқан  Салтанат ЕСЕНҚҰЛОВА

           

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *