«ХАН САРАЙЫ» және «Aruzhan Plaza» — ҚОСШЫЛЫҚТАРДЫҢ ҚУАНЫШЫНЫҢ КУӘСІ

"ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КӘСІПКЕРІ - 2024" БАЙҚАУЫ
view 319
news

Сурет: janabastau.kz

«Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы мен орта және шағын бизнесті дамыту бағдарламасы аясында Ақмола облысы және Астана қаласы кәсіпкерлерінің қатысуымен өтетін «Жылдың үздік кәсіпкері» облыстық жобасы жалғасуда.

Осы орайда Қосшы қаласындағы «ХАН САРАЙЫ» және «Aruzhan Plaza» тойхананың иесі Дидар Кәкімжанов Бөлтірікұлын әңгімеге тартып, мейрамхана бизнесі туралы сөйлескен едік.

— Дидар  Бөлтірікұлы,  халқымызда «жұмысы жоқтың ырысы жоқ» деген сөз бар.  Жас та болсаңыз,  өз кәсібіңізді жолға қойып,  бірнеше жанның нәпақа табуына себепші болып  жүр екенсіз. Жалпы,  тойхана бизнесімен  айналысу идеясы сізге қашан  келді?

—Қандай да кәсіп болмасын ол көпшіліктің сұранысына қарай туындайтыны белгілі. Тойхана кәсібімен айналысу да осындай қоғамның сұранысымен, заманның талабымен  талай азаматтың кәсібіне айналып отыр.  Бұл істі алғаш біз  2019 жылы қолға алған едік.  Бірақ, өздеріңіз білесіздер,  әлемдік пандемия кезінде барлық  жұмыс онлайн режимге көшті.  Ас-жиындар мен  тойларға қатаң тыйым салынып,  тойханалар  жұмысы мүлде тоқтатылды.  Сол себептен  біздің құрылыс жұмыстарымыз да шектеліп,  уақытша кідіріс болды.  Аллаға шүкір,  бұл сынақты да халқымыз артқа тастап,  бұрынғы мамыражай трішілікке қайта оралды.  Сөйтіп,  құрылыс жұмыстарын  аяқтап,  екі бірдей тойханамыз халықтың қуанышына қызмет ете бастады.  Оның бірі «ХАН САРАЙЫ» деп аталса,  екіншісін «Aruzhan Plaza» деп атадық.

—Ендеше қонақтарға қызмет етуші мамандар туралы айтып берсеңіз?

—Қазір әр тойханада 10-15 маман жұмыс істейді,  ал  той-жиын кезінде адам санына қарай жұмысшылар  көбейеді. Даяшылармен қосқанда жалпы саны 100 шақты адамды құрайды. Бас аспаздарымыз әрдайым біліктіліктен өтіп, түрлі семинарларға қатысады. Әрқайсының тағам даярлаудағы өзіндік  ерекшелігі бар.  Әсіресе, әсем безендірілген  еуропалық  салаттар көпшіліктің көңілінен  шығып жатады. Әрқайсының әзірлеген тағамы бір-біріне ұқсамайтын, ерекше тіл үйретін  тағамдар  десек артық емес. Бұл аспаздарымыздың үнемі,  үздіксіз өздерін  дамытып  отыруға деген  талпыныстарының нәтижесі деп ойлаймын.  Жазғы маусымда жұмыстан  босамайды,  әрине,  бірақ,  той-жиындар  саябырсыған  мезгілдерде уақыттарын  тиімді жұмсап,  өздерін  дамытуға арнайды.  Тойхана иесі ретінде бұл талаптарына әркез қолдау білдіріп отырамыз. 

—Кәсіпте бәсекеге қабілеттілік айрықша маңызды роль атқарады.  Осы бағытта атқарып жатқан  жұмыстарыңыз қандай?

—Тойхана ғимаратының акустикасы ерекше маңызға ие.  Сондықтан  біз  құрылыс жұмыстарын  жүргізгенде осыған  ерекше мән  бердік.  Мейрамхананың салтанаты да сәнді,  ерекше дизайнды болғаны маңызды.  Бұдан кейін, әрине, тағамдары ерекше орын алады және көлік тұрағы келуішлер  үшін  қиындық  туғызбауы шарт. Міне,  осы талаптардың үдесінен  шығып,  тұтынушылар  көңілінен  шығуға барынша жағдай жасалған. Лэдэкрандар бар.  «ХАН САРАЙ»тойханасында автотұрақ алпыс шақты көлікке арналса, «Aruzhan Plaza» тойханасында 40 көлікке  арналған. Той иелері келіп, көріп, таңдап,  30-40 күн бұрын  тапсырыс береді. 

— Тойханаға той өткізуге тапсырыс беруші той иелері жергілікті Қосшы тұрғындары ғана ма әлде басқа да қалаларданда тапсырыс берушілер бар ма?

—«Армансыз адам,  қанатсыз құспен тең» демекші, сұраныстың артуы керісінше бинесіміздің ауқымын кеңейтуге деген  талапты артттыруда.  Бүгінде тапсырыс берушілердің 60-70 пайызы қосшылықтар  болса,  қалған  30-40 пайызы көрші өңірлерден,  оның ішінде Астана қаласынан да   бар. Сондықтан  алдағы уақытта кәсібімізді кеңейтеміз деген ой бар. 

—Арман-мақсаттарыңыз орындала берсін,  сұхбатыңызға рақмет!

 Сұхбаттасқан Салтанат ЕСЕНҚҰЛОВА

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *