NIS-те республикалық пәндік олимпиаданың желілік кезеңі басталды
Руханият
401
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың желілік кезеңі өтіп жатыр.
Аталған олимпиадаға Көкшетау қаласындағы NIS-тің 36 оқушысы қатысады. 18 оқушы жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша білімдерін сарапқа салды. 8-сынып оқушысы Марал Тоқтамыс биыл олимпиадаға алғаш рет қатысып отыр:
2021-2022 оқу жылында химия пәнінен желілік олимпиадаға қатысып, жүлделі 2-орынға ие болған 10-сынып оқушысы Әсел Жиенғалиева да жоғары нәтиже көрсетуге ниетті.
Айта кетейік, 16 ақпанда қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша бақ сынайтын оқушылар үшін бірінші тур басталады.

- Мен 7-сыныпта олимпиадаға қатысқан жоқпын. Осы жылғы олимпиадаға мен екі жарым ай бойы дайындалдым. Өзімнің жауаптарымнан жақсы нәтиже күтемін.


Көкшетау қаласындағы "Назарбаев Зияткерлік мектебінің" баспасөз қызметі
Оқи отырыңыз

Руханият
Көнеден қалған көне көздер ізі

Руханият
Анамның желегі
Пікірлер (0)