Нұрлан имам жаңа жыл тойлауға қатысты сұраққа жауап берді

Жаңалықтар
view 255
news

Фотосурет: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында «Оны атап өтуге бола ма, болмай мадеген сұрақ туындап, бұл мәселе төңірегінде пікірталастар жиілей түсті. Тіпті кей жағдайда адамдар бір-бірімен сөзге келіп жатады. Осыған байланысты белгілі имам Нұрлан Асанов аталған мәселеге қатысты өз жауабын берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

Нұрлан имамның айтуынша, ислам дінінде Жаңа жыл, Наурыз, тіпті Конституция күні немесе Республика күні секілді мемлекеттік мерекелер арнайы бекітілмеген. Алайда «дінде жоқ» деген уәжбен мұндай күндерді мүлде жоққа шығарып, оларды қоғамнан шеттеткен дұрыс емес. Ондай көзқарас қоғамды бөлшектеп, елдік санадан алыстатуы мүмкін.

Біз зайырлы мемлекетте тұрамыз. Әр зайырлы мемлекеттің өзінің мерекесі бар. Сондықтан әр нәрсе өз жөнімен болуы керек, - деді дін өкілі.

Сондай-ақ ол адамдарды «кәпір», «дінсіз» деп айыптаудың қажеті жоқ екенін айтып, әр нәрсе өз жолымен болғаны дұрыс екенін жеткізді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *