"Қасым, Жомарт, Кемел": 7 қыздың анасы үшмеді дүниеге әкелді
Түркістан облысы ДСБ
Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылының тұрғыны Гүлназ Мыңжасар үшем босанды. Ерлі-зайыпты – үшемнен бөлек 7 қыздың ата-анасы. Соңғы алтыншы, жетінші перзенттері егіз. 33 жастағы әйел жетінші рет құрсақ көтеріп, үшем босанды. Ата-анасы балаларға Қасым, Жомарт және Кемел деген есім берді, деп хабарлайды janabastau.kz
"Менің түсіме әкем өзі аян берген. Қамшы беріп кірген. Қамшыны оңғарған кезімде астында Қасым, Жомарт, Кемел деген жазу болды. Бір емес екі рет түсіме кірді. Босанғанша айтпай жүрдім үшем екенін. Негізі үшем екенін үш айлық кезінде білдім”, – дейді көпбалалы ана Гүлназ Мыңжасар.
Қасым мен Жомарт есімдері көптен күткен ұлдарына берілсе, Кемелді сегізінші қызға қойған. Өздері екі бөлмелі пәтер жалдап тұратын жанұя жеке баспанамыз болғанын да қалаймыз дейді.
Гүлназды үйінде жеті қызы күтіп отыр. Оның үлкені 14 жаста. Алтыншы және жетіншісі егіз екен. Көпбалалы ана ұрпақ көбейтуді осымен тоқтатпаймын дейді. Алайда перенеталды орталыққа ауыр халде жеткізіліп, 22 күн бойы дәрігерлер қарауында болған екен.
"Бұл биылдыққа біздің орталықта туған үшінші үшем. Қан қысымы көтеріліп кеткесін Келес ауданы, Абай ауылынан бізге жеткізілді. Жағдайына қарап ота жасадық. Үшеуінің де салмағы екі келіге жетпейді. Бізде 22 күн жатты”, – дейді №1 облыстық перенеталды орталықтың бас дәрігер міндетін атқарушы Салтанат Жабағиева.
Пікірлер (0)