Түркістан облысында 500-ге жуық жалған дипломмен бала оқытқан мұғалім ұсталды

Жаңалықтар
view 250
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Тексеруде анықталғандай, кейбір мұғалімдердің жоғары білімі туралы дипломы жалған болып шығып жатыр. Оны антикор анықтап жатыр. Қазір 500-ге жуық жалған диплом шығып отыр. Сонымен қатар директор мен жұмысшы арасындағы 16 дау Президент әкімшілігіне дейін қаралған. Қолы лас қызметкерлер білім саласын табыс табу көзіне айналдырған. Бұл бойынша қызметкерлердің үстінен бірнеше қылмыстық іс қаралды. Әлі де қаралатын болады, - деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды. Бұл туралы janabastau.kz хабарлайды.

Жемқорлық фактілеріне байланысты өңірде бухгалтерлік жүйені өзгерту қолға алынған. Соның нәтижесінде 1300-ден аса артық штаттық орын анықталған. Жауаптылар жоқ жұмысшыны көрсетіп, мемлекеттен айлық ретінде ақша алып келген көрінеді.

Біз өзіміз мектептерді тексеріп шықтық. 1383 артық штат жасап, қаржы алып отырғаны анықталды. Оларды кезең-кезеңімен қысқарту жұмысы жүріп жатыр. Мұны қоғам болып бірлесіп шешуіміз қажет, - деді облыс әкімі.

Жыл басынан бері 7 мыңнан аса бала балабақшада жалған тіркеліп тұрғаны да белгілі болған. Бұл бойынша тиісті тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *