Қосшы қаласында шешімін таппаған мәселелер қарастырылды
Фотосуретті Қосы қаласы әкімдігі ұсынды
Қосшы қаласында Дүниежүзілік Банк жұмыс тобының маңызды кездесуі өтті.
Қала әкімі Азамат Қапышев келген қонақтарды жас қаланың инфрақұрылымын дамытуға бағытталған болашақ жоспарларымен таныстырды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.
Кездесу барысында:
Қаланың инфрақұрылымдық инвестицияларға және коммуналдық қызметтерді жаңғыртуға деген нақты қажеттіліктері жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, климаттық өзгерістердің салдарын азайту және бейімделу шараларына ерекше назар аударылды;
Қала басымдықтарын жүзеге асыруға Дүниежүзілік Банктің қолдау көрсету мүмкіндіктері қарастырылды.
Кездесу нәтижесінде Қосшы қаласының даму жоспарына тың серпін беріліп, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған қосымша мүмкіндіктер пайда болды.
Бұл кездесу Қосшы қаласының әлеуетін арттыру мен өңірлік даму бағдарламаларын іске асырудағы маңызды қадамға айналды. Жас қала үшін мұндай халықаралық ынтымақтастық оның ұзақ мерзімді даму жолында зор мүмкіндікке жол ашады.
Оқи отырыңыз



Пікірлер (0)