Қосшыда 567 әйел бір мезетте ұршық иіріп, халықаралық рекорд орнатты
Фотосурет: дереккөз
Қосшы қаласының бес жылдығына орай ұйымдастырылған «Urshyk Party» мәдени іс-шарасы аясында халықаралық рекорд тіркелді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Шара барысында 567 қыз-келіншек бір мезетте ұршық иіріп, қазақтың дәстүрлі қолөнерін насихаттады.
Нәтижесінде Қосшы қаласы GBR (Global Best of Records) халықаралық рекордтар кітабына енді. Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық қолөнерді дәріптеу, қазақ халқының мәдени мұрасын кеңінен таныту және жастардың тарихи-мәдени құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ұршық – қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасқан көне құрал ғана емес, еңбекқорлықтың, бірлік пен ұлттық тәрбиенің символы.
Сондықтан бұл бастама рекорд орнатумен қатар, ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған маңызды мәдени жоба ретінде ұйымдастырылды.

Осылайша, Қосшы қаласы өзінің бес жылдық мерейтойын халықаралық деңгейдегі жетістікпен атап өтіп, қазақтың дәстүрлі қолөнерін әлемге танытты.
Пікірлер (0)