Қосшыда республикалық «Жайдарман» ойындары өтті

Қосшы жаңалықтары
view 19
news

Фотосурет: дереккөз

Қосшы қаласының 5 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық «Жайдарман» ойындары жоғары деңгейде өтіп, елдің әр өңірінен келген үздік командалардың басын қосты.

Әзіл мен тапқырлықты серік еткен жайдарманшылар көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, сахнада тартысты әрі әсерлі ойын өрнегін көрсетті. Байқауға Ақтөбе, Алматы, Павлодар, Астана, Қарағанды, Қызылорда, Орал қалаларынан және Қосшы қаласынан келген командалар қатысты.

Атап айтқанда, «Sweet», «Sanat», «Мираж», «Сейфуллин», «Тұмар», «Ұлттық ұлан», «Нектар», «Матриархат», «Қосшы құрамасы», «Абибас» және «Лесная поляна» құрамалары өз өнерлерін ортаға салды.

Ойын қорытындысы бойынша:

 І орын – «Sanat» (Алматы); 

ІІ орын – «Sweet» (Ақтөбе);

ІІІ орын – «Сейфуллин» (Астана).

Кештің тізгінін дәстүрлі түрде «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Есен Елеукен жүргізіп, көрерменге ерекше атмосфера сыйлады.

Жеңімпаз «Sanat» командасының капитаны өз әсерімен бөлісті: –

Қосшы қаласының 5 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз! 

Бізді өте жылы қарсы алып, керемет көңіл күй сыйлаған ұйымдастырушылар мен көрермендерге алғысымыз шексіз.

Қосшы жылдан-жылға көркейіп, жастардың бастамаларын қолдайтын, мәдени іс-шаралары қарқынды дамып келе жатқан қала екені байқалады. Осындай мерейлі мерекеде жеңіске жету – біз үшін үлкен мәртебе.

Қосшының өсіп-өркендей беруіне, тұрғындарының бақ-берекесі арта беруіне тілектеспіз! Республикалық деңгейде өткен бұл жайдарман кеші Қосшы қаласының мерейтойлық іс-шараларының жарқын сәттерінің біріне айналып, жастар арасындағы шығармашылық байланысты нығайтуға және жайдарман қозғалысының дамуына өз үлесін қосты.

Қосшы ЖРО маманы-Тарғын Лаура

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *