Қосшыда «Жастар құрылтай шешімдерін қалай іске асыра алады?» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Фотосурет: janabastau.kz
Қосшы қаласында жастардың қоғамдағы рөлін арттыру және Ұлттық құрылтай шешімдерін жүзеге асыруға белсенді атсалысуын талқылау мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Іс-шараға "AMANAT" партиясы Қосшы қалалық филиалының атқарушы хатшысы Рақымжан Ешкембайұлы Сейдахметов, Қосшы қаласы мәслихатының депутаты Ақылбек Данабекұлы қатысып, жастармен еркін форматта пікір алмасты.
Кездесу барысында қатысушылар жастар саясаты, құрылтай шешімдерінің іске асуы, білім мен жұмыспен қамту мүмкіндіктері туралы сұрақтарын қойып, өзекті мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ, Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы қаласында халықаралық деңгейдегі колледж ашылатынын мәлімдеді. Бұл жаңалық білімге құштар жастар үшін зор мүмкіндік болмақ.
Оқи отырыңыз



Пікірлер (0)