Қосшыда көлік астында қалған екі жасар бала көз жұмды

Қосшы жаңалықтары
view 1960
news

Фото: видео скриншот

Қосшы қаласында KIA Sportage көлігінің жүргізушісі екі жасар қыз баланы қағып кетіп, сәби оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

 

Оқиға 2025 жылдың 5 сәуірі күні тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, көлік тізгініндегі әйел адам кері бұрылу маневрін жасаған сәтте, жолда жалғыз қалған баланы байқамай, қағып кеткен.

 

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті. Кадрлардан бірнеше баланың аулада ойнап жүргенін көруге болады. Бір сәтте бәрі жан-жаққа қашады, ал 2023 жылы туған қыз бала жол үстінде жалғыз қалады. Дәл сол кезде көлік келіп, баланы қағып кетеді.

 

Желі қолданушыларының айтуынша, көлік жүргізушісі сол аумақта тұрады және шамамен сағат 15:30-да кәмелетке толмаған ұлын іздеп үйден шыққан.

 

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің тиісті бабымен іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ақмола облысы полиция департаменті бұл ақпаратты растады.

 

«5 сәуір күні Қосшы қаласындағы тұрғын үй ауласында KIA Sportage көлігін басқарған жүргізуші 2023 жылы туған қыз баланы қағып кетті. Салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды»,– делінген ресми хабарламада.

 

 

Пікірлер (1)

  • Numbers

    Terrific postings, Thanks a lot. casino en ligne Many thanks! I appreciate it! casino en ligne Amazing a lot of wonderful tips. casino en ligne France Thanks a lot, Lots of forum posts. casino en ligne Kudos, Ample knowledge. casino en ligne Valuable knowledge Thank you. casino en ligne fiable Thanks a lot, Loads of info! casino en ligne Nicely put. Thanks. casino en ligne francais Thanks! Loads of content. casino en ligne France You said it very well.! casino en ligne

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *