Қосшының сұлу арулары өз таңдауларын жасады (ФОТО)
Қосшы жаңалықтары
39
Фото: Қосшы әкімдігі
Сұлу қыздың бәрі Қосшыда десек, қателеспейміз. Дәстүрлі «Қосшы аруы» байқауының жеңімпаздары да бүгін сайлау учаскесіне келіп, ел болашағы үшін өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, «Қосшы аруы – 2024» сұлулық байқауының жеңімпазы Кәукенова Иназ Сейілханқызы, «Қосшы аруы – 2026» байқауының жеңімпазы Рахмедия Марал Ерназарқызы және «Қосшы аруы – 2026» сұлулық байқауының II орын иегері Абиева Сымбат Ерболқызы азаматтық белсенділік танытып, дауыс берді.

Арулар мұндай маңызды саяси науқанда әрбір азаматтың таңдауы елдің болашағына әсер ететінін айтып, жастарды да белсенді болуға шақырды.

Оқи отырыңыз
Қосшы жаңалықтары
Қосшыда жас жұбайлар референдумда дауыс берді


Пікірлер (0)