Құрылтай сайлауының тағы бір маңызды тұсы – сайлауалды пікірталастар мен ашық диалогтар алаңы
Фото: Жекк мұрағаттан
Құрылтай сайлауының тағы бір маңызды тұсы – сайлауалды пікірталастар мен ашық диалогтардың өтуі деп ойлаймын. Бүгін сайлаудың басты дебаты өтетіні белгілі. Бұл – сайлаушылар үшін өте маңызды мүмкіндік. Себебі дебат барысында партия басшылары өздерінің негізгі ұстанымдары мен бағдарламаларын таныстырып қана қоймай, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру, өңірлерді дамыту және басқа да өзекті мәселелер бойынша нақты пікірлерін білдіреді.
Мен үшін мұндай пікірталастардың маңызы зор. Өйткені сайлаушы қандай саяси күштің қандай бағыт ұстанатынын, елдің болашағына қатысты қандай ұсыныстары бар екенін салыстырып, саралай алады. Ашық пікірталас кезінде партия жетекшілерінің мәселелерге көзқарасын, ұсыныстарының қаншалықты нақты әрі өміршең екенін бағалауға мүмкіндік туады.
Сондықтан бүгінгі басты дебатты көпшілік қызығушылықпен күтеді деп ойлаймын. Бұл – саяси партиялар үшін өз бағдарламаларын халыққа жеткізудің, ал азаматтар үшін өз таңдауын жасауға қажетті ақпарат алудың маңызды алаңы. Сайлауалды пікірталастардың ашық әрі мазмұнды өтуі қоғамдағы саяси мәдениеттің қалыптасуына да оң әсер етеді.
Жалпы, сайлау – әр азаматтың ел болашағына қосатын үлесінің бірі. Сондықтан бүгінгі дебатты көріп, партия басшыларының пікірлері мен бағдарламаларына назар аударып, өз таңдауымызды саналы түрде жасағанымыз дұрыс деп есептеймін.
Қосшы қаласы мәслихатының депутаты Райханова Динара Қуанышқызы
Пікірлер (0)