Сауатты жарнама – қала келбеті, тіл абыройы

Руханият
view 206
news

Қазіргі таңда әрбір істің нәтижелі болуы оның құндылығымен қатар сол дүниеге жасалған жарнаманың да маңыздылығымен өлшенеді. Қосшы қаласында көрнекі ақпарат пен жарнамаға сауаттылықты жолға қою мақсатында қаладағы кәсіпкерлік нысандарында «ҚР тіл туралы», «Жарнама туралы», «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заң талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары ұдайы жүргізіледі. 2023 жылғы 05 маусым күні «Қосшы қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ бас маманы мен «Тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің қызметкерлері «Дом тепла» дүкенінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Түсіндіру барысында «ҚР тіл туралы» Заңының 21-бабында көрсетілген талаптар сақталмағаны және Заң талаптарын орындау үшін 02.07.2023 ж. мерзімге дейін аталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде хабарлама берілді. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, ас мəзірлері, нұсқағыштар жəне басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде жəне (немесе) басқа тiлдерде де орналастырылады. Деректемелер мен көрнекі ақпараттың барлық мəтiнi мынадай ретпен: мемлекеттiк тiлде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде оң жағына немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi əрiптермен жазылады. Қажеттiгiне қарай деректемелер мен көрнекі ақпараттың мəтiндерi қосымша басқа да тiлдерге аударылуы мүмкiн. Бұл жағдайда қарiп өлшемi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптардан аспауға тиiс. Түсіндіру жұмыстарының мақсаты осы саладағы кемшіліктерді түзетуге, маңдайшалардағы орфографиялық және стилистикалық, пунктуациялық қателерге жол бермеуді, қала аумағында тіл туралы заңның орындалуына атсалысу. Қала тұрғындарын көрнекі ақпаратта жіберілген қателіктерді байқаған болсаңыз, өзіңіздің әлеуметтік желідегі парақшаңызға нақты мекенжайын көрсете отырып #КөрнекіАқпаратҚосшы2023 хештегімен белгілеп суретін жүктеуіңізді сұраймыз. Құрметті жеке кәсіпкерлер! Көрнекі ақпарат пен маңдайшаларға тапсырыс беру барысында жоғарыда аталған талаптардың сақталуын жіті назарға алуларыңызды сұраймыз. Сіз орналастырған жарнама қала келбеті мен тіл абыройы екенін естен шығармайық. Маңызды ақпарат! Қосшы қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі қала аумағында тілдік кемсітушіліктердің алдын алу, азаматтарға концультациялық көмек беру және кәсіпкерлерге, жарнама агенттіктеріне көмек көрсету мақсатында, жарнамаларды орнатпас бұрын олардың мәтіндерін тілдік нормаға сәйкес ресімделуіне байланысты тегін концультация беретін «Жедел желі» (Call center) құрылды. Жедел желі телефоны: 8 (7172) 607-785 (ішкі 604). Сонымен қатар, Қосшы қаласында Тілдерді оқыту орталығында ересектерге арналған мемлекеттік және ағылшын тілін оқыту курстары өтеді. Оқу ақысы тегін. Байланыс нөмірі: 8 701 908 97 67.  

Тілеубек БАТЫС

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *