Сенаторлар Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесті

Жаңалықтар
view 85
news

Парламент Сенатының депутаттары Бақытжан Жұмағұлов пен Нұрлан Бекенов Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде болып, профессор-оқытушылар құрамымен және студенттермен бірге алдағы референдумды талқылады. Бұл туралы сенаттың баспасөз қызметі хабарлайды.

Бақытжан Жұмағұлов кездесу барысында конституциялық реформалардың маңызын атап өтіп, еліміздің Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Біздің елімізде үлкен өзгерістер болып жатыр. Жаңа Қазақстан идеясының дамуы екінші республиканың тұжырымдамасында мазмұндалған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осыған орай үлкен өзгерістерді қолға алды. Егемендік, жеріміз, еліміз және тіліміз – біздің басты құндылығымыз болып табылады. Біз қазақ тілінің дамуына баса назар аударуымыз керек. Әрине, біз басқа да шет тілдерін білуіміз керек, бірақ алдымен туған тілімізді құрметтеуіміз керек, - деді Бақытжан Жұмағұлов.

Нұрлан Бекенов өз кезегінде студенттерді мемлекет дамуына белсенді қатысуға шақырды. Ол үшін ағымдағы жылдың 5 маусымында өтетін референдумға қатысу аса маңызды болып отыр.

Конституциялық өзгерістер – бұл саяси реформа ғана емес, сонымен бірге біздің қоғамдағы үлкен өзгеріс. Қазақстан Республикасы Конституциясының 33 бабына өзгеріс енгізіледі. Сондықтан бәріңізді референдумда дауыс беруге шақырамын, бұл біздің азаматтық парызымыз, - деді Нұрлан Бекенов.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *