Жастарға ой салған кездесу
Фотосурет: Қосшы қаласының Жастар ресурстық орталығы
ХХІ ғасыр – білім мен технологияның, өзгеріс пен жаңашылдықтың ғасыры. Осындай қарқынды дамып жатқан кезеңде жастардың заман талабына сай бейімделуі, өз әлеуетін ашуы аса маңызды. Осы мақсатта Қосшы қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Болашақтың дағдылары» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Іс-шара Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылып, жастарға ХХІ ғасырда қажет ең маңызды қасиеттер мен дағдылар туралы тың әрі пайдалы ақпарат ұсынылды. Онда заманауи ойлау, цифрлық сауаттылық, сыни көзқарас, өзгерістерге бейімделу, сондай-ақ болашақ мамандықтардың ерекшеліктері кеңінен талқыланды.
Спикер – білім беру және жастарды дамыту саласындағы сарапшы, әлеуметтік жобалардың авторы Батырхан Бейсембеков. Ол бүгінгі жастардың тек дипломмен шектелмей, үнемі дамуға, жаңа білім мен дағдыларды меңгеруге ұмтылуы қажет екенін атап өтті. Спикердің айтуынша, болашақта табысты болу үшін тек кәсіби білім емес, икемділік, креативті ойлау және технологиямен жұмыс істей білу аса маңызды.
Семинар қатысушылары үшін бұл кездесу ой салатын, мотивация беретін әрі бағыт-бағдар көрсететін алаңға айналды. Жастар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, болашаққа деген көзқарасты қайта айқындауға мүмкіндік алды.
Лаура ТАРҒЫН,
ЖРО маманы
Пікірлер (0)