Алқалы топ ардагерін ардақтады
Спорт
493
Тастаяқ – қозғалыстағы шахмат дейді. Әуелде ақсүйектердің ойыны аталып кеткен ойын түріне аңсары ауғандар бүгінде аз емес. Мамырдың 18 жұлдызы Қосшы қаласында зейнеткерлер арасында тастаяқ ойынынан турнир өтті.
С.М.Киров атындағы ауылшаруашылығы институтын бітірген. Аталған тартысты шараға Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов, бұрынғы Ақмола облысы әкімінің орынбасары Отаров Қадірхан Махмұтұлы және Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабділбар Абақов қатысты.
Қала әкімі Гайдар Қасенов: «Сіз бұл кемелдікке тың жігер, жарқын көңілмен келіп отырсыз. Әрбір адамның өзіне тән ғұмыр жолы, тіршілік баяны бар. Бірақ еткен еңбек, көрген бейнет, татқан зейнет, алған асу, жеткен биік әркімнің өмірінде әрқилы. Сіздің кісілік келбетіңіз, азаматтық тұлғаңыз баршаға үлгі. Сізге мықты денсаулық тілеймін! Қадір-қасиетіңіз артып, көрер қуанышыңыз таусылмасын! Отбасыңыз, ағайын-туысқаныңыздың ортасында мол жақсылыққа бөлене беруіңізге тілектеспін!» деп құттықтау сөзін айтып, жары Райса Құдайбергенқызына гүл шоқтарын ұсынды.
Еңбек жолын Ресейдің Омбы облысының Марьянов ауданындағы «Новоазовский» совхозындағы сегізжылдық мектепте мұғалім болудан басталған Әнуарбек Мамырұлы 1976 жылдан 1982 жылға дейін Қазақстан Компартиясы Көкшетау обкомында инструктор, ауылшаруашылығы бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған. Одан кейінгі жылдары КСРО Ауылшаруашылығы министрлігінің № 47 Көкшетау жылқы зауытында директор болып жұмыс жасап, 1997 жылдан 2004 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов, Ғ.Мүсірепов, Есіл аудандары қатарлы ірі-ірі төрт ауданның әкімі болып, алған міндетін жоғары абыроймен атқарды. 2004 жылы Солтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының бастығы болып, сол өңірдің дамуына айрықша үлес қосқан. 2005 жылдың 4 тамызынан бастап 2013 жылдың 12 ақпанға дейін Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып, нәтижелі жетістіктерге жеткен.
Әнуарбек Мамырұлы туған елге, жерге деген сүйіспеншілік, қажырлы қайрат, үлкен жауапкершілікпен елімізге білімді, білікті, парасатты ізбасарлар тәрбиеледі. Ақсақалдық жасқа жеткен жасында да қоғамдық өмірге белсенді араласып, жастарға ақыл-кеңесін аямай бағыт-бағдар көрсетіп келеді.
Осындай еңбек ардагерінің мерейтойына тастаяқ турнирын Қосшы қаласы ардагерлер кеңесі ұйымдастырып отыр. Турнирге 12 зейнеткер қатысты. Жеті көздеп, бір ұрған сақа мергендердің жарысы тіптен тамаша, қызықты өтті. Тартысқа толы бәсекеде үшінші орынды Есполов Ғабдісәлам еншілесе, екінші орын иегері Зайнулдин Бақытбек атанды. Қисын мен қозғалысқа құрылған ойынның бас жүлдесін Сағитов Әнуарбек жеңіп алды.
«Ер есімі ел есінде» демекші ардагерлерді, қайраткерлерді ұлықтау, еңбегін бағалап, есімін жаңғырту алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Пікірлер (0)