Бірқатар мемлекеттік қызметшілер марапатталды
Қосшы жаңалықтары
295
23 маусымда – Мемлекеттік қызметшілерінің кәсіби мерекесі. Осыған орай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауы жарияланып, жеңімпаздар анықталған болатын.
Бүгін жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп, Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов, қоғам қайраткері Ирак Елекеев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев қатысып, жеңімпаздарды құттықтады.
Салтанатты іс-шарада жүзден жүйірік, мыңнан тұлпар шыққан, мемлекетке сапалы қызмет еткен Арман Вилямов – Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары, Айжан Бекеева – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы, Рустам Әли – Алматы облысы Ескелді ауданының әкімі, Артур Баймаханов – Нұр-Сұлтан қаласы Бас көлік прокурорының аға көмекшісі, Мирас Жұмаділов – Павлодар облысы Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы Су ресурстары бөлімінің бас маманы, Ғазиз Сағитұлы – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаментінің Медициналық қызметтер көлемін болжау және жоспарлау басқармасының басшысы, Айнагүл Көңбай – Ақмола облысы Қосшы қаласының Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы, Аида Бажирова – Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының бас маманы, Раслана Салманова – Ақтөбе облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы және Алмат Махай – Ақтөбе облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы марапатталды.
Айнагүл Көңбайқызы – мемлекеттік қызметте көптеген жылдар бойы қызмет етіп келеді. Еңбек жолын 2002 жылы Ақмола облысы, Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасынан бастаған. 2013-2017 жылдар аралығында Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қараөткел ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарды. 2021 жылы қыркүйекте Қосшы қаласы әкімі Гайдар Қасеновтың өкімімен Қосшы қаласы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, спорт және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болып тағайындалған.
Қосшы қаласы лотос гүлі секілді көркейіп келе жатқан жаңа қала. Жаңа қаланың тілі мен ділін, оның мәдениетін дамыту һәм кеңейту басты назардағы мәселе. Осыған орай, бүгінгі жеңімпаз атанған және қаланың маңызды саласын басқарып отырған Айнагүл Көңбайқызымен газетіміздің беттеліп жатқанына қарамастан, шағын сұхбат ұйымдастырған едік...
(Сұхбатты газеттен оқи аласыздар)
Оқи отырыңыз
Қосшы жаңалықтары
Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы қаласының даму жоспарымен танысты
Қосшы жаңалықтары
Қала руханияты қалай дамып жатыр?
Қосшы жаңалықтары
Серіктестік сапалы жол салып, сенімді ақтап жүр
Пікірлер (0)