Қалалық байқаудың жеңімпаздары анықталды
Руханият
115
Қосшыда қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен «Бірлігі жарасқан жандар» қалалық эссе байқауы өтті. Оған туған елінің тарихына қызығушылық танытқан 14 пен 35 жас аралығындағы жастар қатысты.
Қатысушыларға «Бірлігі жарасқан жандар», «Тәуелсіз елдің ұланымын», «Ата Заңым – айбыным» атты тақырыптар ұсынылды. Олар солардың бірін таңдап, өз жұмыстарын жолдаған болатын.
Тілдер күні қарсаңында ұйымдастырылған байқауда жиырмадан астам қатысушы бақтарын сынады. Қойылған талаптарға сәйкес мәтіннің көлемі үш беттен аспай, сондай-ақ белгілі бір дәйектерді келтіру керек болатын. Әділқазылар алқасы эссенің құрылымының сақталуына, жазу кезінде логика, ойды дәйектеу мен ақпаратты сауатты жеткізу қабілетіне назар аударды. Барлық қатысушылар салтанатты түрде алғыс хаттармен марапатталды.
– Эссе байқауы алғаш рет ұйымдастырылып жатыр. Оқушылардың өзіндік ойы бар екеніне көзіміз жетті. Ғаламтордан көшіріп алған жұмыстар емес. Патриоттық сезімі басым екен. Жастардың осылайша белсенділік танытып жатқанына қуаныштымыз, – дейді Қосшы қаласының кітапхана директоры Сымбат Қуандықова.
Жанар АХМЕТОВА
Пікірлер (0)