Қалашықтардың америкалық үлгісі немесе Қосшыдағы инфрақұрылым
Қосшы жаңалықтары
612
Шағын қалалар мәселесі әлдеқашан жаһандық құбылысқа айналған. Жаңа өзгерістерге төтеп бере алмаған жағдайда олар әлеуметтік және экономикалық қиындықтарға тап болады. Қазір шағын қалалары әлемдік және ішкі нарықтағы өзгерістерден сақтандырылған бірде-бір дамыған ел жоқ. Термин ретінде «компания қалалары» аталған аймақтардың мәселесімен алпауыт Америка 130 жылдан бері күресіп келеді. Ал Қазақстан бұл мәселемен бетпе-бет келгелі небәрі отыз жыл болды.
«Моноқала» сөзі депрессиялық көңіл-күй тудырғанмен, іс жүзінде көп өлшемді құрылым ретінде қазір посткеңестік елдерде әлеуметтік һәм экономикалық трансформациядан өтіп жатыр. Өндірістік және еңбек күші шоғырланған моноқалаларды дамыту әлемнің түкпір-түкпірінде қолға алынғалы талай уақыт болды. Спутник-қала атауымен жеке отау тігіп, қайта құрылу процесін бастаған Қосшы қаласы Қазақстандағы посткеңестік ностальгияның бір көрінісі іспетті.
Моноқалалар мәселесі әлдеқашан жаһандық құбылысқа айналған. Жаңа өзгерістерге төтеп бере алмаған жағдайда моноқалалар әлеуметтік және экономикалық қиындықтарға тап болады. Қазір шағын қалалары әлемдік және ішкі нарықтағы өзгерістерден сақтандырылған бірде-бір дамыған ел жоқ. Термин ретінде «компания қалалары» аталған аймақтардың мәселесімен алпауыт Америка 130 жылдан бері күресіп келеді. Ал Қазақстан бұл мәселемен бетпе-бет келгелі небәрі отыз жыл болды.
Шығыс Азиядағы өнеркәсіптік серпіліс, әсіресе болат және автомобиль өнеркәсібі америкалық компаниялардың құлдырауына әкелді. Мұның салдарынан зардап шеккен кішігірім аймақтар АҚШ-та «тот басқан белдеу» деп атала бастады. Экономикалық жағынан жоғары деңгейде болғанмен, жұмыссыздық, халықтың қартаюы, миграция мәселелерін шешу жергілікті билікке жүктелді. Ал моноқалаларды дамыту мойнына жүктелген федералды үкімет шағын қалаларға адам тарту мәселесімен айналысты.
Осы тұрғыда Америкадағы шағын қалаларды дамыту стратегияларын екі санатқа бөлуге болады. Бірі – бюджет көлемін арттыруға, екіншісі шығындарды азайтуға бағытталған. Экономикалық жағынан муниципалитеттің қарқынды дамуы үшін мемлекет тарапынан белгілеген кәсіпорындар жұмылады. Онда бизнес ашқан компаниялар әр қызметкер үшін салық жеңілдіктері немесе субсидиялар алады. Құрама штаттарындағы шағын қалаларды өркендетудің тағы бір нұсқасы туристік орталықтар – казино, сауда орындары, аттракциондар құру болып саналады. Моноқалаларда жарнама ретінде экшн жанрындағы фильм, клип түсіру де қарқынды.
Америкада шағын қалаларға көзқарас екі түрлі: оң және теріс. Мысалы, Мичигандағы кішігірім Флинт қаласында «қалаларды қысқарту» бағдарламасымен аз қоныстанған аудандардың олардың орнына саябақ тұрғызыла бастады. Жергілікті билік бұл тәсілді қолдану арқылы салықты ұлғайту, полиция, өрт, су және электр қуатын үнемдеу үшін муниципалитеттердің санын азайтуды көздеген. Бірақ сарапшылар кішігірім қалаларда инфрақұрылымды дамыту арқылы дамушы мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық қана емес, демографиялық өсімін арттыру ықтималы жоғары деп санайды.
Америкалық үлгіні салыстыру кезінде гипотезалар мен стратегиялардың ешқайсысы табысқа кепілдік бермейтініне көз жеткіздік. Мысалы, Майкл Джексонның туған жері ретінде танымал Индиана штатындағы Гари қалашығы алпауыт Чикагоға жақын орналсқанына және даму перспективаларына қарамастан әлі күнге дейін тоқырау кезеңінде. Демек, шағын қалалар постиндустриалды болашаққа дайындалуы керек деген ой туындайды. Дәл осы мәселені облыстық маңызы бар қала мәртебесін алған Қосшыдағы ахуалмен орайластырар болсақ, мұнда қазір аймақты дамытудың кешенді жоспары әзірленіп жатыр. Стратегиялық жағынан Венгриядағы Дунайварош, Польшадағы Люблин сияқты шағын қалалардың құрылысымен ұқсас инженерлік инфрақұрылым жобалары Қосшыда жүргізіліп жатыр десек, артық болмас. Мысалы, BI-Топ компаниясы Қосшыда «Бином» мектебін салуға ниет біліріп отыр. Бюджет тапшылығына байланысты, әзірге аталған мектеп құрылысының жоспары ұсыныс деңгейінде. Есесіне, қаладағы кәсіпкерлік нысан, жарнамалық баннер, аялдамалардың сыртқы дизайны ерекше.
Жаңа мәртебемен дамуға жаңа қадам бастаған Қосшыда бюджеттік қаржыландыру көлемі де айтарлықтай артқан. Қаланың өзіне тиесілі мемлекеттік құрылымдары – мәслихат, қоғамдық кеңес, салық және құқық қорғау органдары және тағы басқа да қоғамдық орындардың құрылысы нәтижелі жүргізіліп жатыр. Демек, Қосшының өзінде көптеген мемлекеттік қызметтерді алу тұрғындар үшін қолжетімді болмақ. Шағын және орта бизнес қарқынының артуы да қаладағы ең өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік туғызады: жаңа жолдар салу және жөндеу, инженерлік желілерді қайта жаңғырту, қаланы абаттандыру және көгалдандыру, көшелерді жарықтандыру; әлеуметтік нысандарға қолжетімділікті жақсарту, тағы басқа. Өз кезегінде Қосшының инфрақұрылымы елордамен көлік байланысын жақсартады және аймақтың серіктес қала ретінде дамуына жағдай жасайды.
Бүгінде кішігірім қаладағы үлкен өзгерістер Қосшының инвестициялық тартымдылығын арттыра түскендей. Географиялық жағынан елордаға жақын орналасуы мен тұрғын үй бағасының төмендігі елді мекендегі халық санының өсуіне басты себеп болып отыр. Бейресми деректер бойынша, ресми тіркеуі жоқ тұрғындарды есепке алғанда, бұрынғы ауыл тұрғындарының саны 50 мыңнан асады. Бұл «облыстық маңызы бар қала» мәртебесіне сәйкес келеді. Демографиялық жағынан алдағы бес-алты жылдың ішінде қала тұрғындарының саны 150 мың адамға жетеді деген оптимистік болжам да бар.
Екінші жағынан, халық санының қарқынды өсуі инженерлік-әлеуметтік инфрақұрылымға бірте-бірте салмақ сала бастайтыны белгілі. Осы ретте елді мекеннің негізгі мәселелері ретінде жол, су сапасы мен тұрмыстық жағдайдың төмендігін айта аламыз. Аймақты электр, жылу және сумен жабдықтауда да қиындықтар бар. Ендігі кезекте Қосшыда жоғарыда аталған кезек күттірмейтін мәселелерге мән беріліп, инфрақұрылымға баса назар аударылуы тиіс. Бұл – америкалық үлгі бойынша дамудың бірден бір тәсілі болмақ.
Оқи отырыңыз
Қосшы жаңалықтары
Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы қаласының даму жоспарымен танысты
Қосшы жаңалықтары
Қала руханияты қалай дамып жатыр?
Қосшы жаңалықтары
Серіктестік сапалы жол салып, сенімді ақтап жүр
Пікірлер (0)