Кинорежиссер Әрі Би-Бек Өр Алтайдың дебюттік драмасы көрерменге жол тартпақ
Руханият
146
Режиссер Әрі Би-Бектің "ARQAU-OZOK" толықметражды деректі драмасы жарыққа шығады. Бұл туралы massaget.kz хабарлады.
Фильмді ҚР мәдениет министрлігінің тапсырысымен, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының демеуімен «Centaurus Rustem Abdrashev production» кинокомпаниясы түсірген. Кинотуындыда қазақтың күнделікті тұрмысында қолданылған, бүгінде ұмытыла бастаған салт-дәстрлер дәріптеледі. Осыған дейін екі қысқа метражды фильм түсірген Әріби-бек Өр Алтайдың бұл алғашқы толықметражды дебюттік жобасы деуге де болады.
«Арқау» деген бау-басқұр тоқығандағы жалпақ тоқыманың ортасынан жүргізіп отыратын жіп. «Өзек» деген жұмыр нәрсенің, яғни қамшы өргенде жұмыр өрімнің ортасына салатын өзек. «Арқау-өзек» – әр нәрсенің алтын арқауы, өзегі. Оның осындай ұлттық дүниетанымдық, символикалық штрихтары бар. Фильм бір сөзбен айтқанда сананың ортарсыздануы туралы. Қазақтардың санасындағы отарсыздану процесін көрсетеді. Сондықтан да Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жас режиссерлерге осындай мүмкіндік беріп, демеу білдіріп жатқанына алғыс айтамын», – дейді режиссер.
Әріби-Бек Өр Алтай – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Шабыт» фестиваліның лауреаты. 2009 жылы «Әриям» атты жыр кітабы жарық көрген. 2019 жылы «Күн төркіні – Ағажай» атты еңбегі «Фолиант» баспасынан шыққан. 2015 жылдан бері кино саласында өнімді еңбектеніп келеді. «Қазақ хандығы – Алмас қылыш» – этнографиялық кеңесші, диалог авторы, қоюшы суретшінің ассистенті (2015); «Балуан Шолақ» – қоюшы суретшінің ассистенті (2017); «Қазақ хандығы – Алтын тақ» – этнографиялық кеңесші, көмекші редактор, диалог авторы, қоюшы суретшінің ассистенті (2018); «Томирис» – ат әбзел жасаушы шебер (2018); «Адасқақ» – басты рөлдегі актер, қоюшы суретші (2019); «Абай жолы» – этнографиялық кеңесші, қоюшы суретшінің ассистенті (2020); «Боран» – қоюшы каскадер, суретші (2020-2021); қызметтерін атқарған. Бұдан бөлек «NAZ» қысқа метражды (2021) фильмінің режиссері.
Пікірлер (0)