Қосшы қаласында "Қилы заман" оқылды
Руханият
284

Бүгін Қосшы қаласында абайтанушы, филология ғылымының кандидаты, ҚР Журналистер одағының мүшесі Сейдалы Оразалиевтің жүлдесі үшін ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мұхтар Әуезовтің «Қилы заман» повесі бойынша сайыс өтті, деп хабарлайды Тілдерді оқыту орталығы өз әлеуметтік парақшасында

сурет Тілдерді оқыту орталығының әлеуметтік парақшасынан алынды
Сайысқа тіл маманы Келдібай Берлібайұлы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Еркебұлан Оспан, Сауран клубы “Көркем оқу” үйірмесінің жетекшісі Жайлаухан Қақатайұлы мен шәкірттері белсене қатысты. Шарт бойынша әрбір дұрыс жауап үшін 1000 теңгеден тігілді. Сайыс қорытындысына сәйкес белсене қатысқан оқырмандар демеуші Сейдалы Оразалиевтің атынан қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.
Оқи отырыңыз

Руханият
Абай намаз оқыған ба?

Руханият
Ғарышта шырқалған Абай әні

Руханият
Шың басында – қос ақын...
Пікірлер (0)