Конституциялық реформа – қауіпсіз қоғамның кепілі

Қосшы жаңалықтары
view 38
news

Фотосурет: дереккөз

Қосшы қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Конституциялық референдумды ақпараттандыру аясында «Конституциялық реформа – қауіпсіз қоғамның кепілі» тақырыбында Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өтті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қазіргі цифрлық қоғам жағдайында заң талаптары мен қоғамдық тәртіп нормалары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Кездесудің спикері ретінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының доценті, PhD докторы Баймаханов Артур Әлішерұлы қатысты.

Спикер заң үстемдігі, азаматтық жауапкершілік және жеке құқықтарды қорғау мәселелері бойынша құнды ақпарат беріп, цифрлық кеңістіктегі қауіптер мен құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық саланың өзекті бағыттары бойынша мазмұнды жауаптар алды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *