«Viamedis» емханасында мемлекеттік тіл мәселесіне арналған семинар өтті

Қосшы жаңалықтары
view 23
news

Фотосурет: дереккөз

Бүгін Тілдерді оқыту орталығының мамандары «Viamedis» емханасының қызметкерлерімен кездесу өткізіп, «Қызметтік құжаттардағы мемлекеттік тілдің қолданылу ерекшеліктері» тақырыбында мазмұнды семинар ұйымдастырды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ агенттігі.

Семинар барысында қатысушыларға қызметтік құжаттарды мемлекеттік тілде дұрыс әрі сауатты рәсімдеу жолдары жан-жақты түсіндірілді.

Атап айтқанда, ресми стильдің талаптарын сақтау, іс қағаздарын жүргізу кезінде тілдік нормаларды дұрыс қолдану, құжат мәтінін сауатты құрастыру мәселелері кеңінен қарастырылды.

Іс-шара барысында мамандар мемлекеттік тілдің ресми құжат айналымындағы маңыздылығына тоқталып, құжаттарды әзірлеу кезінде жиі кездесетін қателіктер мен оларды болдырмау жолдары туралы да айтып өтті.

Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибелік кеңестер алды.

Мұндай семинарлар мекемелерде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге және қызметтік құжаттарды мемлекеттік тілде сауатты жүргізуге ықпал етеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *