Қосшы қалалық кітап оқу байқауы жарияланды

Руханият
view 354
news

Қосшы қаласы және Тайтөбе ауылы жастарының назарына «Кітап оқы» байқауы жарияланды.

Байқау ақын, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжанның «Ауылдан шыққан миллионер» хикаяты төңірегінде болады. Жастайынан еңбектің қадірін, нарықтың талабын біліп өскен Жомарттың жетістіктері шынайы оқиғаларымен өрбіген. Автор осы шығармасы арқылы қазақтың бизнес бастауға ниетті жастарына жол көрсетеді, балаға рухани тәлім береді. Байқаудың мақсаты жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, белгілі қазақ жазушыларының шығармаларын кеңінен дәріптеу. Байқауға қатысу шарттары: - Байқауға 14 пен 35 жас аралығындағы Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылының жастары қатыса алады. - Байқауға қатысу туралы өтінімді 2023 жылғы 31 мамырға дейін 87755451097 w/app нөміріне жолдау қажет. Өткізу тәртібі: - Байқау 2023 жылғы 12 маусымда Қосшы қалалық кітапханасында өтеді. - Қатысушыларға алдын ала түзілген сұрақтар беріледі, ең көп дұрыс жауап берген қатысушы жеңімпаз атанады. - Жеңімпаздар дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталады. Ұйымдастыру алқасы: Қосшы қалалық кітапханасы. Байланыс нөмірі: 87755451097.  

janabastau.kz

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *