Қосшы: кеше және бүгін

Сұхбат
view 253
news

Кеше мен бүгінді, өткен мен болашақты бағамдап қарасақ, Қосшыда өзгерген һәм өзгеретін дүниелер жетерлік. Ертең-ақ Семирамида бағы секілді адам танымастай болып көркейетініне сеніміміз мол. Ал бүгін қаламыздың 1 жылдығына орай, тұрғындар арасында сауалнама жүргізген едік. Сауалымыз «Бұрынғы Қосшы мен қазіргі Қосшының айырмашылығы неде? Қала болғаннан кейін Қосшы қалай өзгерді?»  Ендеше қосшылықтар қалай жауап берді екен... Ыбырай ҚАЗАНҒАПОВ, ҚР Құрметті азаматы: Ерім дейтін ел Болмаса, елім дейтін ер болмайды – Бұрынғы Қосшы мен қазірг і Қосшының айырмашылығы – халықтың жүріс-тұрысы, мәдениеті, көзқарастары заман талабына сай бола түсті. «Қалалықтар» деген атқа бейімделіп келеді. Көз қуантатын өзгерістер көп. Қалада мектептер, клубтар, спорт комплекстері, түрлі іс-шара өткізетін орталықтар ашылды. Қала атанғалы мерекелер кең көлемде тойланып жатыр. Мысалы, «Наурыз», «Домбыра күні» керемет өтті. Мұның өзі халықтың алға қарай ұмтылысын көрсетеді. Мұның барлығы басшылықтың жақсы жұмыстарының нәтижесі деп ойлаймын. Сонымен қатар, көптеген мәселелер шешімін тапты. Көлік қатынасының өзі бұрынғыдай емес, біршама жеңілдеді.  Қазақта «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер болмайды» деген аталы сөз бар. Сондықтан қызмет жасап жүрген барлық азаматтарға рақмет айтамыз. «Көрмес түйені де көрмес» дегендей халықтың ортасында елдің көңілін алаңдататындай сөз айтатындар да бар. Құдай қаласа, Қосшы ең көрнекті қалалардың біріне айналатынына сенемін!    Руслан АЙТЖАНОВ, заңгер:  Бірінші жыл – Ұйымдастыру жылы болды – Бұрынғы Қосшы ауылының бюджеті миллионмен есептелсе, қазіргі Қосшының бюджеті миллиардпен есептеледі. Менің ойымша, жетістіктердің барлығы алдағы уақытта болады. Әзірше, ең басты жетістік – Қосшының қала болып танылғаны. Жаңа қала, әкімдік, маслихат, қоғамдық кеңес, полиция, сот және басқа құқық қорғау органдарына ие болды. Бірінші жыл – ұйымдастыру жылы болды. Осы жылғы жетістіктер көп, бірақ алдағы уақытта одан да көп болады деп сенемін! Айзада БҮРКІТҚЫЗЫ, ақын-журналист: Театр, кинотеатр секілді мәдени ошақтар ашылса деген тілегіміз бар – Жаңа білім ошақтарының құрылысы басталып жатыр. Мәдени-рухани, әдеби шаралар жиі ұйымдастырыла бастады. Мәселен, биылғы Наурыз мерекесінде ұйымдас­тырылған ұлттық ойындарды, ақындар айтысын айтуға болады. Сондай-ақ қала ішінде жол жөндеу, көшелерді жарықтандыру мәселесіне назар аударыла бастады. Әлеуметтік нысандар тұрғындарға қажет инфрақұрылымдар тұрғызылып жатыр. Жергілікті билік қаладағы зиялы қауым өкілдерімен тығыз байланыс орнатты. Жеке газеті, интернет порталы пайда болды. Мұның барлығы Қосшының қала ретінде қалыптаса бастауының жарқын белгісі. Алдағы уақытта театр, кинотеатр секілді мәдени ошақтар ашылса деген тілегіміз бар. Еркебұлан МЫҢЖАСАРОВ, «Лесная Поляна» МИБ төрағасы: Қосшы қала болғалы біраз дүниелер өзгерді – Мен бір ғана нәрсе айтқым келеді. Қосшы ауыл кезінде қандай мәселе бар еді? Біріншіден, ауыз судың сапасы төмен еді. Ішуге жарамсыз. Екіншіден, жол мәселесі тұрғындарға қиындық тудыратын. Үшіншіден, электр қуаты қымбат. Төртіншіден, кәріз құбырларының жағдайы да мәз емес еді. Қосшы қала болғалы біраз дүниелер өзгерді. Бірақ осы аталған мәселелердің шешілуі баяу жүріп жатыр. Өзгерген жоқ десе де болады.    

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *