Қосшы өнерпаздары қатарынан екі жыл бас жүлде иегері атанды

Ақмола облысында қазақтың ұлы ханы, үш жүздің басын қосқан Абылай ханның 310 жылдығы, «Сарарқа», «Адай», «Балбырауын» сияқты ғажап күйлерді тудырған дәулескер күйші Құрманғазы Сағырбайұлының 205 жылдығы және ән өнерінің асқар шыңына жеткен көкше өңіріндегі Ақан сері Қорамсаұлының 180 жылдығына орай өткізіліп отырған «Ақмола жұлдыздары» көркемөнерпаздар халық шығармашылығы байқауының қорытынды кезеңі өтті.



«Өркениетті ұлт, ең алдымен тарих, өнер және әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен бағаланады. Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, «Ел идеологиясын жандандыруда мәдениет қызметкерлерінің еңбегі маңызды». Мәдениеттің жоғары мәртебесі-мемлекет тәуелсіздігінің белгісі және біздің облыс еліміздегі ең ірі мәдени орталықтардың бірі болып танылады. Бүгінде облыста өнердің барлық сегменттері жұмыс істейді, клубтар, кітапханалар, мұражайлар, театрлар, филармония және басқа да нысандар жұмыс істейді. Саланы қаржыландыруға және инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Тек соңғы 5 жылдың өзінде 90 ға жуық мәдениет нысаны жөнделді», - деді аймақ басшысы.
I топ – орталықтары кенттер, ауылдар болып табылатын аудандар.
Бас жүлде – Целиноград ауданы («Chevrolet Cobalt» автокөлігі) 1-ші дәрежелі диплом Қорғалжын ауданы (ақшалай сыйлық 3 млн теңге) 2-ші дәрежелі диплом Зеренді ауданы (ақшалай сыйлық 2 млн теңге) 3-ші дәрежелі диплом Аршалы және Сандықтау аудандары (ақшалай сыйлық 1 млн теңге).




II топ – орталықтары қалалар болып табылатын аудандар санаты.
Бас жүлде – Ерейментау ауданы («Chevrolet Cobalt» автокөлігі) 1-ші дәрежелі диплом Бурабай ауданы (ақшалай сыйлық 3 млн теңге) 2-ші дәрежелі диплом Атбасар ауданы (ақшалай сыйлық 2 млн теңге) 3-ші дәрежелі диплом Ақкөл және Бұланды аудандары (ақшалай сыйлық 1 млн теңге).




III топ – облыстық маңызы бар қалалар.
«Ақмола жұлдыздар» облыстық халық шығармашылығы байқауында көрсеткен жоғары шығармашылық жетістіктері мен мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қосшы қаласы Бас жүлде «Chevrolet Cobalt» автокөлігімен марапатталды. «Ақмола жұлдыздары» облыстық халық шығармашылығы байқауындағы шығармашылық жетістіктері үшін І дәрежелі дипломымен және 2 млн теңге сертификатымен Көкшетау және Степногорск қалалары марапатталды.


Тілеубек БАТЫС
Пікірлер (0)