«ЛГБТ насихатына тыйым»: Сенат заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Жаңалықтар
view 99
news

Фото: Сенат

Парламент Сенаты «ЛГБТ насихатына тыйым салуды» көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Сенатта ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын норма қаралатын болды

 

Сенат ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу мәселесін қарауды неге кейінге қалдырды

 

18 желтоқсанда өткен Сенат отырысында аталған заң жобасы алғашқы оқылымда қолдау тапты. Құжатты таныстырған Мәжіліс депутаты Руслан Рүстемовтің айтуынша, бұл бастама өскелең ұрпақты қоғамға жат құндылықтарды насихаттаудан қорғауға, неке мен отбасы институтын нығайтуға негізделген дәстүрлі отбасы құндылықтарын дәріптеуге, сондай-ақ балаларды отбасылық құндылықтарды құрметтеу рухында тәрбиелеуге бағытталған.

 

Депутаттың сөзінше, заң жобасы аясында 13 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр. Олардың қатарында «Масс-медиа туралы» заң мен Еңбек кодексі де бар. Құжаттың толық атауы — «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң деп аталады.

 

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: «Лесбиянка екенімді 47 жасымда түсіндім»: Әлеуметтік желіде ЛГБТ өкілдерінің жазбалары тарап жатыр

 

Заң жобасы бүгін үзілістен кейін екінші оқылымда қаралады.

 

Бұған дейін бірқатар халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстан парламентін аталған түзетулерден бас тартуға шақырған болатын. Олардың пікірінше, ұсынылған өзгерістер адам құқықтарын шектеуі және елдегі ЛГБТИК+ қауымдастығы өкілдерінің қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін.

 

Ал заң жобасының авторлары бұл түзетулердің белгілі бір топқа қарсы бағытталмағанын, тек «ЛГБТ насихатына» шектеу қоюды ғана көздейтінін атап өтеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *