LRT желісінің Қосшы бағытындағы екінші кезеңінің құрылысы басталды

Қосшы жаңалықтары
view 33
news

Фото: Астана әкімдігі

Елорда әкімдігі Астанада Қосшы бағытындағы LRT желісінің екінші кезеңінің құрылысы басталғанын ресми түрде мәлімдеді. Стратегиялық маңызы бар бұл жоба қала мен оған іргелес елді мекендердің көлік байланысын жақсартуға бағытталған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Жоба аясында бірқатар маңызды жұмыс атқарылып үлгерді: желінің бірінші тірегін құю жұмыстары аяқталды және бетон зауытында көпір бөлігіне арналған алғашқы темірбетон құрама арқалығы дайындалды.

Қосшы бағытындағы желіні салу үшін ауқымды инженерлік жұмыстар жоспарланған. Жоба аясында 300-ден астам тірек орнатылады. Сондай-ақ 538 темірбетон құрама арқалық дайындалып, 8 монолитті арқалық салынады.

Екінші кезеңнің іске асуы Астананың көлік инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтереді. Бұл жоба қала мен қала маңындағы аудандардың арасындағы қатынасты жеңілдетіп, жолаушылар ағынын тиімді реттеуге, сондай-ақ елорда айналасындағы елді мекендердің дамуына оң серпін бермек.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *