“Қосшы Аруы – 2025” байқауы өз мәресіне жетті!
Фотосурет: Қосшы қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
Көктемнің шырайлы шуағымен қатар келген дәстүрлі “Қосшы Аруы – 2025” қалалық сұлулық байқауы биыл да өз деңгейінде өтті. Бұл байқау – қазақ қыздарының көркем мінезі мен биязы болмысын дәріптейтін, салт-дәстүрімізді жаңғыртып, өнер мен парасаттылықты насихаттайтын ерекше шара, деп хабарлады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Биылғы байқау финалына жеті ару жолдама алып, өз өнері мен қабілетін ортаға салды. Байқаудың негізгі өлшемдері – сұлулық қана емес, білімділік, зеректік, инабаттылық және өнерге деген сүйіспеншілік болды.
Қазылар алқасы құрамында:
Айнұр Жүгінісова – “Қазақтың аналары – Дәстүрге жол” жобасының жетекшісі, актриса, продюсер;
Көкеева Әйгерім Асқатқызы – Қосшы қаласы Аналар кеңесінің төрайымы, жеке кәсіпкер;
Кеңес Айбек Талғатұлы – белгілі тележүргізуші;
Осипова Ирина Серікпайқызы – Қосшы қалалық мәслихатының депутаты;
Қуандықова Сымбат Бопанқызы – жеке кәсіпкер.
Байқау жеңімпаздары
Байқаудың үздік қатысушылары түрлі номинацияларда марапатталды:
“Өнерлі ару” – Сайранова Гүлсезім
“Зерделі ару” – Сағат Мәдина Рақымтайқызы
“Көрікті ару” – Дәулетхан Айгерім Мұратқызы
Жүлделі орындар:
III орын – Абилхасова Ләззат Қарағұлқызы
II орын – Санақбай Балжан Санақбайқызы
I орын – Бердіғалиева Әлима Серіқызы
Бас жүлде – Құтмергенқызы Ақерке
Бас жүлдені иеленген Құтмергенқызы Ақерке – мейірбике мамандығының иесі. Ол өз өнерімен, ақыл-парасатымен және ерекше жан дүниесімен әділқазылардың көңілінен шығып, бас жүлдеге лайық деп танылды.
Қазақ қызы – әдеміліктің, ізгіліктің және парасаттылықтың символы
“Қосшы Аруы – 2025” байқауы қазақ қыздарының сұлулық пен зиялылықты қатар ұстанған тұлға екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл байқау қыз баланың рухани байлығын, өнерін, инабаттылығы мен ұлттық құндылықтарға деген құрметін насихаттай отырып, жастардың бойына сұлулық пен тәрбиені сіңіруде ерекше маңызға ие.
Ұйымдастырушылар мен қатысушыларды құттықтай отырып, келесі жылғы байқауда да асқақ өнер мен көркем мінезді қыздардың жарқырай түсетініне сенім білдіреміз!
Пікірлер (0)