Қосшыда “Жоламан” қойылымының премьерасы өтеді

Қосшы жаңалықтары
view 188
news

Фотосурет: дереккөз

Құрметті көрермендер, Қосшы қаласында ерекше мәдени кеш өтпек, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ. 

2026 жылдың 29 наурыз күні сағат 17:00-де Қосшы қаласының Мәдени-спорт кешенінде «Жоламан» қойылымы қойылымының премьерасы сахналанады. 

Қойылым авторы – Жүзбай Серік.

Инсценировка авторы: Бахтияр Тұрсын.

Режиссері: Думан Омаров.

«Жоламан» – адам тағдыры, қоғамдағы өзекті мәселелер мен жетімдік тақырыбын терең қозғайтын әсерлі туынды. Спектакль тастанды баланың өмір жолы арқылы отбасы құндылықтары, бала тәрбиесі және адамгершілік мәселелерін көтеріп, көрерменге ой салады.

Онда:

- тағдыр талқысы мен өмір шындығы;

 - кейіпкерлердің ішкі драмасы мен тартысы;

 - қоғамдағы маңызды мәселелер көрініс табады.

Жоламан анасымен табыса ма? Оның өмірі қалай өрбиді? Осы сұрақтардың жауабын бірге іздеуге шақырамыз! 

Билеттер Ticketon платформасы арқылы сатылымда.

Оқи отырыңыз

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *