ҰРАНҒА СЕНБЕ, ҚҰРАНҒА СЕН
Сұхбат
646
Жастардың жат ағымның жетегінде кетпей, ислам жауһарларын бойына сіңіру үшін берілетін білімнің жөні бір бөлек. Алайда кейде қоғамда діни экстремизм мен терроризм көріністерінің қылаң беретіні рас. Бұл бағытта Қосшыда дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтары жүйелі жұмысын жалғастырып келеді. Діни сауатсыздығының кесірінен ұлт қауіпсіздігіне қатер төндіретін жатқа жалтаңдап, халқымыздың салты мен дәстүріне керағар дүние жасап жатқандар аз емес.
Жастардың жат ағымның жетегінде кетпей, ислам жауһарларын бойына сіңіру үшін берілетін білімнің жөні бір бөлек. Алайда кейде қоғамда діни экстремизм мен терроризм көріністерінің қылаң беретіні рас. Бұл бағытта Қосшыда дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтары жүйелі жұмысын жалғастырып келеді. Діни сауатсыздығының кесірінен ұлт қауіпсіздігіне қатер төндіретін жатқа жалтаңдап, халқымыздың салты мен дәстүріне керағар дүние жасап жатқандар аз емес. Жат ағымды жақтаушылар арасында жасөсіпірімдер де жиі кездеседі. Жастарымыздың осындай қателіктерге ұрынуына басты себеп – дұрыс пен бұрыстың аражігін ажырата алмай ғаламтор беттеріндегі түрлі жат ағымдардың сайттарына кіруі. Қосшы қаласы көлемінде дін мәселелері бойынша жұмыс жүргізетін ақпараттық түсіндірмелік топтардың кездесулер жоспары бекітіліп, мақсатты топтармен (мектеп оқушылары, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, мекеме ұжымдары және елдімекен тұрғындары) өткізіліп келеді. Теріс діни ағымдардың қоғамға қауіп төндіретіні рас. Себебі, дін үлкен идеология ғана емес, ол – мемлекет біртұтастығының кепілі. Бүгінгі таңда жат діни ұйымдардың негізгі қызмет алаңы интернет болып отыр. Ғаламторда адасу оңай. Бұл аса өзекті мәселе. Жат діни ағым өкілдерінің бұрынғыдай көшеде алдыңнан шығып, парақшаларын тықпалайтын әдеттері баяғыда қалған. Дінге қызығушылығы бар, алайда діни білімді еліміздегі мешіт, медреселерден алуға ниеті жоқ жастар ғаламторға бір кірген соң теріс Идеологияларға тап келіп, сол жерлерде шырмалып қалып жатыр. Өкінішті,әрине.Ресми деректерге сүйенсек,елімізде 20 мыңнан астам түрлі діни бағыттарды ұстанушылар бар екен. Олардың жетегіне ерген 800-ден астам қазақстандық шекара асып, түрлі жиһадтық соғыстарға қатысып, ажал құшқан. Дана халқымыз «Дін ұстана білсең – қасиетің, ұстана алмасаң – қасіретің!», деп текке айтпаған. Сондай-ақ, дін ғұламалары да «Дін дегеніміз – қылыш сияқты өткір нәрсе, ұстай алмасаң өз қолыңды кесесің» деп ескертіп кеткен. Сондықтан елдегі діни ахуалға бей-жай қарауға болмайды. Осы орайда жастардың діни жат ағымдарға қарсы иммунитетін қалай қалыптастырамыз? Қосшы қаласында рұқсат етілмеген сайттарды пайдаланған азаматтармен қандай жұмыс жүргізіледі? Осы іспеттес маңызды сауалдарға Ақмола облысы Дін істері жөніндегі басқармасының Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының теолог маманы Абзал Сарденов жауап берді.
-Абзал Сәденұлы, Қосшыдағы діни экстремизм және терроризмнің алдын алу шарасын нәтиделі түрде іске асырып жатқандарыңыз көңіл қуантады. Баршаға белгілі, бүгінде жастар негізгі ақпаратты интернеттен алып жатады. Өкініштісі, әлеуметтік желіге әркім ойына келгенін салады. Жалған мәліметтердің жолында адасып кетпеу үшін не істеу керек?
- Жат ағымның алдын алу мәселесінде біздің ел — күшпен емес, біліммен идеологиямен жеңуді көздейді. Қазіргі таңда еліміздің әр аймағы бойынша дін істері басқармасы жұмыс істейді. Басқарманың өзінің көптеген функциялары бар. Ал сол функцияның бірі - азаматтардың жат ағымның жетегінде кетуінің алдын алу. Қосшы қаласында жастарға шариғаттың негізгі шарттарын түсіндіруде имамдар мен теолог ғалымдардың үлесі зор. Егер олар дәстүрлі дінге қатысты ақпарат алғысы келсе әлеуметтік желіге емес, нағыз сала маманына жүгіну қажеттігін үнемі айтып жүреміз. Қасиетті Құран Кәрімнің алғашқы аятында Аллаһ Тағала «Оқы!» деген. Адамға өмір бойы білім алу парыз етілген. Адамдардың теріс жолға түсіп, адасуының бірден-бір себебі – білімсіздік. Діни білімнің жоқтығы. Білімді медресе-мешіттерден, діни білімі бар имамдардан алу керек. Жалпы менің тәжрибемде, тыйым салған сайтқа лүпіл басып, тіркелген деректер кездесті. Басым бөлігі мектеп оқушылары болды. Біз дереу ата -анасын шақыртып, оларға түсіндірме жұмысын жүргіздік. Мұндай сайттағы ақпараттар елде тыйым салынғанын, оның теріс діни ағымға бағыттайтын мәлметі бар екенін жеткізіп, ескерттік. Егер жағдай қайталанса, айыппұл салу тіпті заң аясында жауапкершілік бар екенін түсіндіреміз. Біз жасөспірмдермен жеке жұмыс жасаймыз. Бұл бағыттағы жұмыстар үнемі қатаң бақылауда болады.
-Қосшыда биыл теріс діни ағымды насихаттайтын сайттар анықталып, оны жабуға тиісті органға өтініш қалдырдыңыздар ма?
-Биыл қалада ондай дерек тіркемеді. Дегенмен, сайтты жабу біздің құзіретімізге кірмейді. Біздің жұмыс сол сайтқа кірген немесе тіркелген азаматтарға түсіндірме жұмысын жүргізу. Өкінішке орай осындай бағыттағы шетелдік сайттарды жаба алмаймыз. Алайда оған азаматтарымыздың кірмеуін қатаң бақылауда ұстаймыз.
-Теріс ағымға түсудің басты себебі ол білімсіздік деседі. Жалпы Қосшылық имамдар да білімін арттыру шараларына қатысама?
- Әрине, бүгінде Қосшы қаласындағы мешітте жоғары білімді, білікті дінтанушы, теолог жалпы діни қызметкерлер еңбек етеді. Олар жыл сайын түрлі семинарларға қатысып, білімін шыңдап жүреді. Дін – тек намаз оқу емес, ол күрделі ғылым. Ол ғылымды игеру үшін білімнің қажет екені айтпаса да түсінікті. Қосшыдағы имамдар білімі жоғары деп мақтанышпен айта аламын.
-Жастарды арандатып, экстремизмді насихаттайтындарды анықтау мақсатында Қосшы мешіттері тарапынан қандай жұмыс жүргізіледі?
-Қазақстан мұсылман діни басқармасы жұмысының негізгі 7 бағыты бар. Соның бірі, осы оңалту шарасы. Яғни, жат ағымның алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын атқару. Жалпы шаһардағы мешіттегі имамдарымыз өз деңгейлерінде қызметтерін атқарып жүр. Әуелі халықтың діни рәсімдерін атқару, сол сияқты мешітке келген жамағаттың діни сауатын көтеру, олардың жат ағымға қарсы иммунитеттерін қалыптастыру бойынша жұмыс істеуде. Жат ағымның алдын алуда имамдар келген жамағатпен түсңндірме жұмысын үнемі жүргізіп отырады. Мешітте арнайы жаста, әйелдер секторы да бар. Дін қызметкерлері жастармен жұмыс жасап, жат ағымның зияндығын, олар теріс діни ағымға азаматтарымыздықалай тартып алатынын, жұма намазда, бас қосуда жүргізеді. Бұл оңалту шарасы ешқашан тоқтаған емес.
-Мамандардың пікірінше, көбіне психикасы солқылдақ, діннен хабары аз, эмоционалды адамдар сектанттардың, діни теріс ағымдардың өкілдерінің үгітіне сеніп қалуға бейім. Олар заң бойынша жазаланғаннан кейін толыққанды оңалып, қалыпты өмірге бейімделіп кете ала ма?
-Дұрыс айтасыз. Расында, кейде бір күйзеліске түскен, басында мәселесі болған адамдарды жат ағымға жетелеу оңайға соғып жатады. Теріс діни ағым өкілдері осындай жандарға жылы сөз сөйлеп, жігерлендіреді де, өз тобына қосып алып жатады. Яғни азаматтың әлсіз жерін пайдаланады. Яғни, діннің атын жамылған жат ағымдардың құрығына діни сауаты төмен, әлеуметтік тұрмысы нашар, қиындық көріп жүрген жастар алданып, түсіп жатыр. Олар қалыпты өмірге бейімделгенімен санасында теріс ақпарат қалуы ықтимал. Сондықтан оларға үнемі дәстүрлі дініміз жайлы мақпарат беріп, түсіндірме жұмысын жүргізіп отырамыз.
-Жастарды көп мазалайтын діни сауалдары қандай?
Жастар көбінесе дәстүрлі дін жайында сауалдарын жолдайды. Біз үнемі мониторинг жұмысын жасаймыз. Қуантарлығы, Қосшыда салафизм бағытына бет бұрғандардың 30 пайызға жуығы дәстүрлі дінге оралды. Бұл түсіндірме жұмыстарының нәтижесі болып отыр.
- Қазір әлеуметтік желіде аруларымыз қара паранджамен бетін тұмшалаған суреттерін жариялап жатады. Жалпы бұл діни тұрғыдан қарағанда қаншалықты шариғатқа сай келеді?
- Шариғат бойынша, Ислам дінінде қыз балдарымыз жүзін жасыоу міндет емес. Мұны бір ғұрып деуге болады. Немесе кейбір ер азаматтар әйелін қызғанып, солай бетін тұмшалап жауып тастайды. Бірақ бұл біздің дәстүрлі дінге сай емес. Сондықтанда біз мектепте, мешітте жалпы қоғамдвқ орында халықпен кездесу барысында “Дін мен дәстүр” тақырыбында тренинг өткізіп, мәлімет береміз. Неге дәстүрді қосамыз? Себебі, біздің әр дәстүрімізде дін бар. Біздің қазақ халқы Ислам дінін ұстап жүргеніне қаншама уақыт болды. Сондықтан біздің әжелеріміз ешуақытта паранджа кимеген, олар кимешек киді, орамал тақты. Біз соны жастарға дәлел арқылы жеткіземіз.Қазақ халқы қай уақытта қара киінген білесізбе? Қазақта сөз бар ғой, “қара жамылды” деген. Яғни күйеуі қайтыс болғанда мұсылмандар қара киінген.
-Қосшыдағы мешіттерде қайырымдылық шаралары іске асып тұрады ма?
- Қосшы қаласында көптеген қайырымдылық жұмыстары жасалып жатыр. Әрине, мешітке келіп, дәулетті жаны жомарт жандар демеушілік етеді. Аз қамтылған отбасыларға, жетім-жесірлерге азық-түлік, киім-кешек таратылып тұрады. Бұдан өзге, “пәтерге үлес” қайырымдылық жобасы аясында Қосшылық 2-3 азаматқа баспана үлестірілді.
Жастарды теріс ағымнан қорғаудың қандай әдісін ұсынар едіңіз?
-Қазір елімізде көптеген игі шаралар өтіп жатыр. Мысалы, ЖОО мен колледж студентеріне осы сала мамандары дәріс оқып, арнайы құрылған ақпараттық түсіндіру тобы кездесулер өткізеді. Бұл әлбетте оң нәтижесін береді. Жастардың діни сауатын жетілдіру арқылы оларды теріс діни ағымдардың арбауынан, ал қоғамды діни алауыздықтан, діни экстремизмнен арашалауға болады. Жан-жақты дамыған, діни сауаты жеткілікті жастар - ертеңгі қауіпсіз қоғамның кепілі болмақ.
- Сұхбатыңызға рақмет!
P.S.
Қосшыдағы дін саласының мамандары халықтың санасында қуатты егемен ел болу мемлекеттің материалдық байлығына ғана емес, идеологиясына да байланысты екенін ұмытпайтыны қуантады. Әрине, елдің қуатты болуы қазынаға да тәуелді, бірақ, халық рухани байлықтан жұрдай, ұлттық санадан алшақ болса, мұның барлығы бекер. Себебі қашанда елдің болашағы, дамуы қазынамен өлшенбеген, ұлттық құндылықтар мен рухани байлыққа негізделген. Сондықтан, Қосшы қаласындағы теолог мамандары, дінтанушы, имамдар жат ағымның алдын алу жұмыстарын жалғастыра беретін болады. Бұл жұмыстар өз кезегінде өзектілігін жоғалтпай, сақталуы тиіс.
Сұхбаттасхан Раяна ТАЛАПҚЫЗЫ
Пікірлер (0)