Жаңа жоспар бар, бірақ Қосшының ескі мәселелері шешілді ме?
Фотосурет видеодан скрин
Қосшы қаласының жаңа бас жоспары: 2038 жылға қарай 150 мың тұрғынға арналған

Бастапқыда инженерлік инфрақұрылымдар 30 мың адамға ғана есептелген еді, алайда 2021 жылы қала мәртебесін алғаннан кейін, құрылыс шешімдерін қайта қарау қажеттігі туындады. Қала әкімі Азамат Қапышевтің айтуынша, жаңа бас жоспар аумақты кеңейту, қызмет көрсету аймақтарын жаңарту, инженерлік және көлік инфрақұрылымын жетілдіру сияқты маңызды міндеттерді қамтиды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ
🔹 Жеке тұрғын үйлер құрылысына – 900 гектардан астам жер бөлінеді.
🔹 Көппәтерлі тұрғын үйлер үшін – шамамен 360 гектар қарастырылған.
🔹 Қоғамдық-мәдени және спорт орталықтары, сондай-ақ облыстық көпсалалы аурухана құрылысы жүргізілуде.

«Жаңа бас жоспарда жеке тұрғын үй құрылысына 900 гектардан астам жер қарастырылған. Көппәтерлі тұрғын үйлер үшін – шамамен 360 га қажет. Бізде қазірдің өзінде қоғамдық-мәдени және спорт орталығы сияқты заманауи құрылыстар салынуда. Облыстық көпсалалы аурухана құрылысы жүріп жатыр. Мұның барлығы жаңа инженерлік инфрақұрылымды қажет етеді. Жылумен жабдықтауға, сумен жабдықтауға, кәріз-тазарту құрылыстарына келетін болсақ, осы инфрақұрылымдық жобалардың барлығы кезіндегі Целиноград ауданы Қосшы ауылына деп есептелген және қазір ол жаңа инновацияларды талап етеді. Алдағы 2038 жылға дейінгі есептік мерзімде халық саны 150 мың адам деп болжануда», – деп атап өтті әкім.
Қосшының жаңа бас жоспары қаланың жедел дамуына сәйкес келетін заманауи инфрақұрылым құруды мақсат етеді.
Пікірлер (0)