Жаңа технологияны игерген маман зор сұранысқа ие
Деректерді шығарып, тасымалдау, сақтау, өзгертуге бағытталған ІТ технология туралы алғашқы дерек 1958 жылдан бастап қолданылған екен. Одан бері қанша уақыт өтсе де оның міндеті өзгерген емес. Сол бұрынғыдай ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін математикалық, әрі кибернетикалық тәсілдер мен техникалық құралдар жиынтығы. Бұл саланы жетік меңгеріп, халыққа үздіксіз қызмет көрсетіп жүрген мықты мамандар сирек. Соның бірегейі Қосшы қаласының тұрғыны ІТ саласыны маманы, жөндеу шебері Қанат Талғатұлы.
-Мен Моңғолияның тумасымын. Сол жерде өсіп қалыптастым. Моңғол ұлттық ғылым және технология университетінде «ІТ саласының маманы» ретінде жоғары білім алдым. Үш баланың әкесімін. 2006 жылы қазақ еліне келіп, осы жерде өсіп-өркендеп, дамып жатқан жайым бар. Қазақтың ІТ саласында өзіндік қолтаңбасы бар жақсы маман болуды мақсат етемін. Туған ұлт, елден жырақта өмір сүргенімізде үлгендер ана тіліңді, ата дәстіріңді ұмытпа деп алдымызда үлгі болатын. Сондықтан болар жырақта жүргенде ұлтжандылық, елге деген сағыныш, махаббат бөлек болды. Соның арқасында қазақылығымызды сақтап қалдық. Қазақстан тұрмыстық деңгей, экономика жағынан ілгері болса, Моңғолия технология жағынан бізден көш ілгері деп айтуға болады...
-Адамның өзі таңдаған салаға о баста икемі болуы керек деп ойлаймын. Менің аңғарғаным – ІТ саласына келу үшін де баланың кішкентай күнінен әр нәрсені шұқып, ішінде не бар деген қызығушылығының болуы маңызды. Өз басымдағы жағдайды айтып өтейін. Бала кезімде әкем темір танк әкеліп берген. Содан ішін ақтарып тастаймын ғой. Сондағысы танктің ішінде сарбаздар бар ма деген қызушылық. Осылайша үйге келген ойыншықтың ішін ашып, ақтарып, қайтадан жинау әдетке айналды. Сол әдет нан табатын мамандығыма айналды. Бұл салада жұмыс істеп жүргеніме он жеті жыл толыпты. Біреуге аз, біреуге көп көрінен осы жылдар тәжірибемді толықтырып, күн санап қарқынды дамып келе жатқан жаңа технологияны жылдам меңгеріп алар қабілет де сыйлады. «Үйренгім келеді» деп өз ынтасымен ізденіп келетін де, әкесі не ағасы жетектеп әкелетін балалар да болды. Менің сол келгендердің арасынан саралап, түсінгенім бұл салаға деген адамның икемі болуы маңызды екен. Күштеп, сүйреп әкелген баладан нәтиже көрмедім әзірге. Он шақты шәкірттерім бар. Оның ішінде дипломы бар ІТ маманы да, басқа саланы меңгерсе де осы мамандықты жан-тәнімен қалап, осы саладан нәпақа тауып жүрген жігіттер бар. Адамды жетістікке жетелейтіні қабілеті мен табанды еңбегі ғой негізі. ІТ саласы соңғы жылдардағы ең актуалды тақырып, сұраныстағы мамандық деп айтуға толықтай негіз бар. Бүкіл саланың көш басында тұр десем, артық айтпағаным болар еді. Қазіргі күні технологияның сәт санап қарқынмен дамып жатқан дәуірінде өмір сүріп жатқандықтан ІТ мамандардыз өмірді елестету мүмкін емес дейтін жағдайға жеттік. Байланыс, қаражат шешу, салу, онлайн кездесу, бағдарламалау, жоспарлау, жобалау, есептеу, айшылық алыс жерлерден хабар алып отырудың бәрін жаңаша қарқынға жеткізген сала бұл,– дейді ол.
-Кәсібімді бастау үшін мемлекеттің тарапынан ешқандай көмек алған жоқпын, ол үшін бірнеше жылдан қатарынан қажетті құжаттар дайындап жібердім, бірақ бәрібір еш қайран болмады. Себебін нақты білмей жүрмін. Кеңсемнің көлемін үлкейтіп, құрал-саймандарымды жаңартқым келеді. Бірақ әзірге бұған қаржылай мүмкіндік болмай жатыр. Жұмысыма қажетті бөлшек заттар, құрал-саймандар жыл сайын қымбаттап барады. Былай қарағанда жұмысты жеңілдететін, сапасын жақсартатын құралдар ғой. Соған қолым жетпей отырғанына іштей қынжыламын. Осы жағынан мемлекет кәсіпкерлерге қолдау білдірудің жолдарын жеңілдетсе екен дегім келеді,– деген тілегін жеткізді.
-Расымен бұл мамандыққа басында сұраныс болмады. Бір жағынан бұған қазақы «заңгер, экономист» болу әлдеқайда тиімді, әрі мәртебелі деген түсінік әсер еткен де шығар. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, технологияның жүйелі дамыған кезінен бастап бұл саланы меңгергеннің жаман болмайтынын, сұраныс бар екендігін аңғардық. Ал қазір тіпті ІТ саласының құлағында ойнайтын, шет елдік ірі компаниялардан ұсыныс алған мықты мамандарды білемін. Бұл дегеніңіз «адамның істегенін адам меңгере алады» деген түсініктің мықтап қалыптасқандығын білдіреді. Қазақ баласы кішкене қолдау болса әлемдік тұрғыда жаңа бағдарламалар жасап, тіпті бренд қалыптастыра алар еді. Бұған бұл салада жүрген қазақ жастарының қауқары мен қабілеті жетеді деп толықтай сеніммен айта аламын,– дейді шебер.
-Кез-келген зат күтіммен ұсталса күткен межеңізден де ұзақ қызмет көрсетуі мүмкін. Ол мейлі миллионның заты болсын күтім болмаса бұзылып қалады. Ал бұзыла қалса тез арада маманға көрсетіп алуға асығыңыздар дер едім. Өйткені суға түскен заттың ішінде қышқылдық процес жүреді. Бұл дегеніңіз сіздің техникаңызды іске алғысыз етіп, істен шығарып тастай алатын жылдам прцесс. Сондықтан әр жерде видеосы тарап жүрген лайфхак дейтін нәрсемен өз бетіңізше жөндеп алуға тырыспаңыздар. Бәрін үйден жасап, кейін уақыт оздырып әкелген зат жөндеуге де қиын, сіздің қалтаңызға да зор салмақ болады. Істі білгір маманға дер кезінде тапсыру ұтымды шешім. Алдыма үш күндеп күрішке, тұзға салып,өз алдына әркет жасаған адамдар талай келген. Мұндай уақыт аралығында телефон іске аспай, ішкі жүйесі шіріп үлгереді. Сондықтан маманға бірден жүгінген абзал,– деп ескертеді маман.
Пікірлер (0)