75 ауыл мұғалімі оқыту семинарынан өтті
Руханият
1507
Көкшетаудағы NIS-те оқушылардың математикалық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру бойынша оқыту семннары өтті. Семинарда білім беру ерекшеліктері, коммуникативті дағдыларды дамыту, оқушылардың цифрлық сауаттылығын қалыптастыру мәселелері қарастырылды. Барлығы шараға Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарынан 75 мұғалім қатысты.
Бастауыш сынып, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, информатика, физика, химия, география, қазақстан тарихы, бейнелеу өнері, дене шынықтыру, музыка пәндерінің мұғалімдері озық тәжірибелерімен бөлісті.
«Қазақстанның ауылдық мектептері POWERED BY NIS» қайырымдылық жобасы аясында семинарлар осы күнге дейін Семей, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында өтті. 14-15 қазан күндері Қарағанды, Түркістан қалаларында өткізу жоспарланып отыр.
Пікірлер (0)